Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Балмұздақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Балмұздақ[1] — тоңазытылып жасалған тағам. Балмұздақты сүт, қаймақ, қант, сары май, жеміс-жидек, сондай-ақ, дәмді, хош иісті тамақтық заттар қоспаларынан жасайды. Құрғақ қоспаға карамель сірнесі, қышқылдар, жұмыртқа ұнтағы, бал, хош иісті шәрбат, шырындар және агар, альгинат, желатин, крахмал, пектин сияқты тұрақтандырғыштар қосады.

Тиісті қоспалар араластырылғаннан кейін, арнаулы ыдыста 63 – 70°С температураға дейін қыздырылып, зиянды микробтар жойылады. Қоспа цилиндрлі немесе дискілі сүзгімен сүзіледі. Қоюлығы біркелкі болу үшін қоспа гомогенизатор арқылы 150 — 300 атмосфералық қысымнан өткізіледі. Гомогенизатордан өткен қоспа тоңазытқышта 2 – 4°С-қа дейін салқындатылады. Дайын балмұздақтың сапасын тексеру үшін 12 – 18 сағат сақталады да, өлшеніп бөлшектеледі. Бөлшектеу әртүрлі. Мысалы, Алматы сүт комбинатында балмұздақ гильзаға (қаңылтыр ыдыс) салынып, вафлямен (жұмыртқа, қаймақ араласқан жұқа нан) қапталады немесе арнаулы қағазбен оралады. Балмұздақ – жұғымды және адам организміне жеңіл, шөл басатын сіңімді тағам. Сүттен дайындалған балмұздақта А, В, Д, Е, ал жеміс-жидектен жасалған балмұздақта С витаминдері мол.

Балмұздақ тәтті тамақ және дені сау адамдардың көбі үшін өте жұғымды тамақ. Кейде ол диеталық тамақ орнына да жүреді. Бірсыпыра ғалымдар асқазан органдарының қан тамырларын тарылтып, осының нәтижесінде тері түтіктерін кеңейтеді, – деп есептейді. Алайда балмұздақта май да, барынша сіңімді қанттектер де көп. Балмұздақтың ең калориялы сорттарының бірі «пломбир» Францияның Пломбир қаласының атымен аталған. 18 ғасырдың аяғында осында балмұздақтың нақ осы сортын жасау алғаш игерілген екен.

Францияда елдің әрбір тұрғынына шаққанда орта есеппен жылына, шамамен, 3 килограмм, Италияда 15 килограмм балмұздақ желінеді екен. Бұл жағынан алғанда нағыз чемпиондар Америка Құрама Штаттарының тұрғындары, өйткені оларда ілгеріде айтылған көрсеткіш 30 килограмнан асады. Француз профессоры Анри Жуайо қазір семіздіктің зардабын тартып жүрген адамдар қай замандағыдан болсын көп деп санайды. Бұл тұрғыда балмұздақтың да айтарлықтай «рөл атқаратыны» атап айтылады

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]