Германия Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Германия Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

Die Mannschaft (Команда), Nationalelf (Үлттық он бір), Adler (Қырандар), Bundesteam (Бундестим), Deutsche Maschine (Неміс машинасы)

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Германия Футбол Одағы

Бас бапкері

Германия Ханс-Дитер Флик

Менеджері

Германия Оливер Бирхофф

Капитаны

Мануэль Нойер

Ең көп
ойын саны

Лотар Маттеус (150)

Үздік
бомбардир

Мирослав Клозе (71)

ФИФА рейтингі

13 (18.07.2024)

Жоғарғы көрсеткіш

1 (желтоқсан 1992 — тамыз 1993, желтоқсан 1993 — наурыз 1994, маусым 1994, шілде 2014 — маусым 2015, шілде 2017, қыркүйек 2017 — маусым 2018)

Төменгі көрсеткіш

22 (наурыз 2006)

ФИФА коды

GER

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Бірінші ойын

 Швейцария 5:3 Германия Германия
(Базель, Швейцария; 5 сәуір 1908)[1]

Ең ірі жеңіс

Германия Германия 16:0 Ресей империясы Ресей
(Стокгольм, Швеция; 1 шілде 1912)

Ең ірі жеңіліс

 Англия 9:0 Германия Германия
(Оксфорд, Англия; 13 наурыз 1909)

Әлем чемпионаты
Қатысу

19 (бірінші 1934)

Жетістіктері

Чемпиондар:
1954, 1974, 1990, 2014

Еуропа чемпионаты
Қатысу

13 (бірінші 1972)

Жетістіктері

Чемпиондар:
1972, 1980, 1996

Медальдары
Футболдан әлем чемпионаты
Қола Италия 1934
Алтын Швейцария 1954
Күміс Англия 1966
Қола Мексика 1970
Алтын ГФР 1974
Күміс Испания 1982
Күміс Мексика 1986
Алтын Италия 1990
Күміс Жапония/Оңтүстік Корея 2002
Қола Германия 2006
Қола ОАР 2010
Алтын Бразилия 2014
Футболдан Еуропа чемпионаты
Алтын Бельгия 1972
Күміс Югославия 1976
Алтын Италия 1980
Қола Германия 1988
Күміс Швеция 1992
Алтын Англия 1996
Күміс Аустрия/Швейцария 2008
Қола Польша/Украина 2012
Қола Франция 2016
Конфедерациялар кубогы
Қола Германия 2005
Алтын Ресей 2017

Футболдан Германияның Ұлттық Құрамасы (нем. Die deutsche Fußballnationalmannschaft) — Германияның атынан 1908 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келе жатқан команда. Ерлер құрамасы әлемнің төрт дүркін, әрі Еуропаның үш дүркін чемпионы атанып, қазіргі кезде әлемнің ең мықты және ең сәтті командаларының бірі саналады. Құраманы басқарушы ұйым - Германия Футбол Одағы.

Құрама тарихы 1899 жылдан басталады. 1945 жылға дейін түрліше аталды: 1918-33 жылдары Веймар Ұлттық футбол құрамасы, 1933-45 жылдары Үшінші Рейх Ұлттық құрамасы. Шынайы атаулары осылай өзгергенімен, әлемдік БАҚ өкілдері тек "Германия құрамасы" деп қана атады. Соғысқа дейінгі аралықта құрама оншалық жарқыраған жоқ. 1942 жылы құрама ФИФА мүшелігінен шеттетілді. Соғыстан соң Германия екіге бөлінді, бұған дейінгі Германия құрамасының негізгі мұрагері ретінде ГФР немесе Батыс Германия құрамасы танылды. Ал ГДР құрамасы өз алдарына жаңа тарихын бастады.

Неміс футбол одағы 1952 жылы құрылды, сол себепті ГФР құрамасы 1950 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді. 1954 жылы құрама соғыстан кейін тұңғыш рет әлемдік додаға қатысты. Оларды чемпион атанады деп ешкім күтпеді, себебі, топтық турнирде сол кезеңнің ең күшті командасы Мажарстаннан 3:8 есебімен ойсырай ұтылған-ды. Алайда Мажарстанмен финалда қайта жолыққан немістер бастапқы 8 минутта екі гол жіберіп алғанымен, матч біткенше үш гол соғып, тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл табыс Германия құрамасының болашақтағы толассыз жетістіктерінің бастамасы боп саналды.

1964 жылы құраманы 28 жыл бойы баптаған Зепп Гербергердің орнына келген Хельмут Шён тіпті табысты болды. Құрама 1966 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде, төрт жылдан соң қола жүлдені иеленді. 1972 жылы финалда 3:0 есебімен КСРО-ны ұтып Еуропа чемпионы атанды. 1974 жылы өз елдерінде өткен әлем чемпионатында ешкімге дес бермей, алтын алқаны өздері тақты. 1976, 1980 жылдары өткен Еуропа чемпионатында тағы да финалға шықты, әуелгісінде Чехословакия шабуылшысы Антонин Паненканың қитұрқы пенальтиі бұларды қапы қалдырса, соңғысында Бельгияны 2:1 есебімен ұтып Еуропада екінші рет топ жарды.

Жетпісінші жылдары құрама тек бір ғана ірі турнирде жүлдесіз қалды, 1978 жылы Аргентинада өткен әлем чемпионатында екінші топтық турнирде Нидерланды мен Италия оздырып, үшінші орында қалып қойды.

Сексенінші жылдары да табыссыз қалмады, қатарынан үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты - 1982, 1986, 1990. 1982 жылы финалда Италиядан ұтылды да, Юпп Дерваль командадан кетіп, орнына Франц Беккенбауэр келді. Беккенбауэр дәуірінде құрама 1990 жылы чемпион атанды.

Келесі чемпиондықты Германия халқы 24 жыл күтті. 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында финалда Аргентинаны 1:0 есебімен ұтып, алтын жүлдені олжалады. Арада бір жыл өткен соң Ресейдегі Конфедерациялар кубогында кліең жастардан құралған ұжыммен ойнаса да бұларға тең келер қарсылас табылмады. Германия бұл жолы да топ жарды.

2018 жылғы әлем чемпионатында күтпеген жерде топтан шыға алмады.

Жаттықтырушылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жаттықтырушы Жұмыс уақыты О Ұ Т Ж
АФГ Комитетi 1908—1927 63 18 13 32
Отто Нерц 31 қазан 1928 — 17 қазан 1936 70 42 10 18
Зепп Хербергер 15 қараша 1936—7 маусым 1964 162 92 26 44
Хельмут Шён 4 қараша 1964—21 маусым 1978 139 87 30 22
Юпп Дерваль 11 қазан 1978— 20 маусым 1984 67 45 11 11
Франц Беккенбауэр 12 қыркүйек 1984— 8 шілде 1990 66 36 17 13
Берти Фогтс 29 тамыз 1990—5 қыркүйек 1998 102 67 23 12
Эрих Риббек 10 қазан 1998—20 маусым 2000 24 10 6 8
Руди Фёллер 16 тамыз 2000— 23 маусым 2004 53 29 11 13
Юрген Клинсманн 18 тамыз 2004—23 маусым 2006 25 14 6 5
Йоахим Лёв 16 тамыз 2006—29 маусым 2021 198 124 40 34
Ханс-Дитер Флик 2 қыркүйек 2021-10 қыркүйек 2023 25 12 7 6
Руди Фёллер 12 қыркүйек 2023 1 1 0 0
Юлиан Нагельсман 14 қазан 2023 - 6 3 1 2
Барлығы: 771 440 153 178

Әлем чемпионаттарында гол соққан футболшылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1954—1990 жылдары ГФР деген атпен ойнаған

Ойыншы Гол 1934 1938 1954 1958 1962 1966 1970 1974 1978 1982 1986 1990 1994 1998 2002 2006 2010 2014 2018
Мирослав Клозе 16 5 5 4 2
Герд Мюллер 14 10 4
Юрген Клинсман 11 3 5 3
Хельмут Ран 10 4 6
Томас Мюллер 10 5 5
Карл-Хайнц Румменигге 9 3 5 1
Уве Зеелер 9 2 2 2 3
Руди Фёллер 8 3 3 2
Ханс Шефер 7 4 3
Хельмут Халлер 6 6
Лотар Маттеус 6 1 4 1
Макс Морлок 6 6
Франц Бекенбауэр 5 4 1
Лукас Подольски 5 3 2
Оливер Бирхофф 4 3 1
Андреас Бреме 4 1 3
Пол Брайтнер 4 3 1
Эдмунд Конен 4 4
Оттмар Вальтер 4 4
Михаэль Баллак 3 3
Пьер Литтбарски 3 2 1
Тони Кроос 3 2 1
Вольфганг Оверат 3 1 2
Андре Шюррле 3 3
Фриц Вальтер 3 3
Клаус Аллофс 2 2
Клаус Фишер 2 2
Хайнц Флоэ 2 2
Марио Гётце 2 2
Карл Хоманн 2 2
Матс Хуммельс 2 2
Сами Хедира 2 1 1
Эрнст Ленер 2 2
Дитер Мюллер 2 2
Оливер Нёвилль 2 1 1
Месут Озиль 2 1 1
Бастиан Швайнштайгер 2 2
Рюдигер Абрамчик 1 1
Уве Байн 1 1
Марко Боде 1 1
Райнер Бонхоф 1 1
Альберт Брюлльс 1 1
Какау 1 1
Ганс Цислярчик 1 1
Берхард Кулльманн 1 1
Лотар Эммерих 1 1
Арне Фридрих 1 1
Торстен Фрингс 1 1
Йозеф Гочел 1 1
Юрген Грабовски 1 1
Вильгельм Ханеманн 1 1
Зигфрид Хельд 1 1
Рихард Херманн 1 1
Ули Хёнесс 1 1
Бернд Хёльценбайн 1 1
Хорст Хрубеш 1 1
Матс Хуммельс 1 1
Карстен Янкер 1 1
Марсель Янсен 1 1
Бернхард Клодт 1 1
Станисаус Кобиерски 1 1
Филипп Лам 1 1
Райнхард Либуда 1 1
Томас Линке 1 1
Андреас Мёллер 1 1
Ханси Мюллер 1 1
Рудольф Ноак 1 1
Альфред Пфафф 1 1
Уве Рейндерс 1 1
Карл-Хайнц Ридле 1 1
Марко Ройс 1 1
Бернд Шнайдер 1 1
Карл-Хайнц Шнеллингер 1 1
Отто Зиффлинг 1 1
Хорст Шиманяк 1 1
Вольфганг Вебер 1 1
Барлығы 226 11 3 25 12 4 15 17 13 10 12 8 15 9 8 14 14 16 18 2

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Төрт дүркін әлем чемпионы: 1954, 1974, 1990, 2014
  • Төрт дүркін әлемнің күміс жүлдегері: 1966, 1982, 1986, 2002
  • Әлемнің қола жүлдегері: 1934, 1970, 2006, 2010
  • Үш дүркін Еуропа чемпионы: 1972, 1980, 1996
  • Үш дүркін Еуропа күміс жүлдегері: 1976, 1992, 2008
  • Еуропаның қола жүлдегері: 1988, 2012, 2016
  • Конфедерациялар кубогының жеңімпазы: 2017
  • Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2005

Рекордтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Әлем чемпионаттарында ең көп финалда ойнаған құрама: 8 рет
  • Әлем чемпионатының ең үздік мергені Мирослав Клозе Германия футболшысы (16 гол)
  • Әлем чемпионаттарында ең көп матч өткізген Лотар Маттеус Германия құрамасының футболшысы (25 матч)
  • Еуропа чемпионатында Испаниямен бірге ең көп чемпион атанған құрама: 3 реттен
  • Еуропа чемпионатында ең көп финалға шыққан құрама: 6 рет.

Әнұран — «Schwarz und Weiss»[2]. Әнұраның авторы - Оливер Похер

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Құрамы Ойыншы Жасы Клубы
Қақпашылар 1 Мануэль Нойер 38 Германия Бавария
12 Оливер Бауманн 34 Германия Хоффенхайм
22 Марк-Андре тер Стеген 32 Испания Барселона
Қорғаушылар 2 Антонио Рюдигер 31 Испания Реал Мадрид
3 Давид Раум 26 Германия РБ Лейпциг
4 Джонатан Та 28 Германия Байер 04
6 Йосуа Киммих 29 Германия Бавария
15 Нико Шлоттербек 24 Германия Боруссия Дортмунд
16 Вальдемар Антон 27 Германия Штутгарт
18 Максимилиан Миттельштедт 27 Германия Аугсбург
20 Беньямин Хенрихс 27 Германия РБ Лейпциг
24 Робин Кох 27 Англия Брентфорд
Жартылай қорғаушылар 5 Паскаль Гросс 33 Англия Брайтон энд Хоув Альбион
8 Тони Кроос 34 Испания Реал Мадрид
10 Джамал Мусиала 21 Германия Бавария
11 Крис Фюрих 26 Германия Штутгарт
17 Флориан Вирц 21 Германия Байер 04
19 Лерой Сане 28 Германия Бавария
21 Илкай Гюндоган (K) 33 Испания Барселона
23 Роберт Андрих 29 Германия Байер 04
25 Эмре Джан 30 Германия Боруссия Дортмунд
Шабуылшылар 7 Кай Хаверц 25 Англия Арсенал
9 Никлас Фюллькруг 31 Германия Вердер Бремен
13 Томас Мюллер 34 Германия Бавария
14 Максимилиан Байер 21 Германия Хоффенхайм
26 Дениз Ундав 27 Англия Брайтон энд Хоув Альбион
Бапкер Юлиан Нагельсманн

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. All matches of The National Team in 1908. DFB. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 қазан 2012. Тексерілді, 1 тамыз 2008.
  2. Оливер Похер жеке беттi