Джон Майкл Бишоп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Джон Майкл Бишоп
ағылш. John Michael Bishop

Джон Майкл Бишоп
Туған күні

22 ақпан 1936 (1936-02-22) (88 жас)

Туған жері

Йорк, Йорк (Пенсильвания), АҚШ

Азаматтығы

АҚШ

Ғылыми аясы

иммунология, микробиология

Альма-матер

Гарвард университеті

Марапаттары


Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер жүлдесі (1982)
Гайрднер халықаралық жүлдесі (1984)
жүлдесі Диксона (1986)
Нобель сыйлығы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1989),
АҚШ Ұлттық ғылыми медалі (2003)

Джон Майкл Бишоп (ағылш. John Michael Bishop; 22 ақпан 1936, Йорк, Пенсильвания, АҚШ) — американдық иммунолог және микробиолог, 1989 жылғы «Ретровирустық онкогендердің жасушалық табиғатын ашқаны үшін», Харолд Вармуспен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Сан-Франциско Калифорния университетінің профессоры.

Джон Майкл Бишоп өмірге 1936 жылы 22 ақпанда Йоркте (Пенсильвания) лютерандық дін қызметкерінің отбасында келген. Ол кішігірім ауыл мектебін бітіріп, содан кейін провинциялық жоғары мектепті тәмамдады. Отбасылық дәрігер Роберт Кафпен достығы адам биологиясына оның қызығушылығын ынталандырды. Медицина мектебіне түсу туралы шешім қабылдаған Бишоп, бірінші Геттисбург колледжін бітіріп, содан кейін медицинанын Гарвард университетінде оқи бастады. Онда ол бірінші рет жануарлар вирустарымен айналыса бастады. Медициналық мектепті бітірген соң Бишоп 2 жылы Массачусетс жалпы ауруханасында дәрігер болып жұмыс істеп, содан кейін Бетездадағы Денсаулық сақтау ұлттық институтына пост-докторантураға оқуға түсті, онда полиовирустардың репликациясымен айналысады, кейін Гамбургте бір жыл тұрғаннан кейін Сан-Франциско Калифорния университеті жұмысқа тұрып, онда әлі күнге дейін істейді.

Ғылыми еңбегі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашында Джон Бишоп молекулалық биологияға қызыққан, дегенмен бұл саладағы оның тәжірибесінің мардымсыздығы оның тікелей зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік бермеді, сондықтан ол фундаменталдық молекулярлық биологиясының саласына жатпайтын ғылыми тауашаны таңдады, дегенмен бұған тартылуға мүмкіндік бермеді. Ол вирустарды зерттеді, атап айтқанда, олардың репликациясымен айналысты. Калифорния университетінде Бишоп саркома вирусын зерттей бастады,ол кейін классикалық ретровирустардың біріне айналды.Осы кезде Хоуард Темин және Давид Балтимор ретровирустың негізгі ферменті кері транскриптазаны ашты. ДНҚ-дағы РНҚ-ның көшірілу механизмінің кері транскиптазасын және жұқтырған жасушадағы вирустық РНҚ-ны сипаттай алды. 1970-шы жылдардың соңында Бишоп Харолдь Вармуспен бірге саркома вирустары қалай зарарланған жасушаларды неоплазмаға тасымалдайтынын зерттеді. Олар ісік қалыптастыратын немесе жұқтырған жасушалардың нео-пластикалық түрлендірілуін тудыратын вирус генін зерттеді, (src) трансдукция процессінде қалыпты жасушалық геннің қармауынан (прото-онкоген) вирустық геномды тапты. Геннің мутациясы оны онкогенге айналдыратынын анықтады.

1989 жылы Бишоп пен Вармус, өздерінің зерттеулері үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]