Рита Леви-Монтальчини
Рита Леви-Монтальчини | ||||
Rita Levi-Montalcini | ||||
Туған күні | ||||
---|---|---|---|---|
Туған жері | ||||
Қайтыс болған күні |
30 желтоқсан 2012 (103 жас) | |||
Қайтыс болған жері | ||||
Ғылыми аясы | ||||
Жұмыс орны | ||||
Альма-матер | ||||
Несімен белгілі |
Өсу факторын ашқан | |||
Марапаттары |
|
Рита Леви-Монтальчини (итал. Rita Levi-Montalcini; 22 сәуір 1909 жыл, Турин — 30 желтоқсан 2012 жыл, Рим) — италиялық нейробиолог, 1986 жылы, Стэнли Коэнмен бірге өсу факторын, NGF ашқаны үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Италия Республикасының Өмірбойы сенаторы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рита Леви (1930 жылдары, оның апасы мен ағасымен бірге ол өз тегін Леви-Монтальчиниге өзгертті) төртінші бала болып (оның егіз апасы Паоламен бірге), Турин қаласында еврейлік сефардтық отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Адамо Леви (1932 ж қайтыс болған) инженер-электрик және математик болған, оның отбасы Казале-Монферратодан шыққан; ал анасы Аделе Монтальчини — Астидан шыққан суретші болған.[1]
Медицина мектебін 1936 жылы бітірген Леви-Монтальчини физиолог Джузеппе Левидің (итал. Giuseppe Levi, 1872—1965) ассистенті болып жұмысқа орналасады,[2] бірақ көп ұзамай Муссолини Үкіметімен еврейлерге академиялық және кәсіби мансап жасауға тыйым салатын жаңа антисемиттік заңдар енгізілгеннен кейін, оған жұмысынан шеттетіледі. 1943 жылы Леви-Монтальчини отбасымен Флоренцияға қашып Туринге тек әскери қимылдар аяқталғаннан соң ғана оралды.
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ағасы — Джино (Луиджи) Леви-Монтальчини (итал. Gino Levi-Montalcini, 1902—1974), танымал архитектор.
- Апалы-егізі — Паола Леви-Монтальчини (итал. Paola Levi Montalcini, 1909—2000), суретші. Басқа апасы, Нинаға (Анна) Леви-Монтальчини (1905—2000), посвящена автобиографиялық кітап Рита Леви-Монтальчини итал. Elogio dell'imperfezione (2000).
- Немере сіңлісі — Еуджения Сачердоте де Лустиг (ис. Eugenia Sacerdote de Lustig, 1910—2011), аргентиналық ғалым-медик; Рита Леви-Монтальчини және Еуджения Сачердоте медицина мектебінде бірге оқып гистолог Джузеппе Левидің Турин университетіндегі зерттеу тобына бірге қосылған (бұлардан бөлек бұл топта Сальваторе Лурия және Ренато Дульбеко болған).[3][4]
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Итальян Республикасына алдында сіңірген еңбегі үшін» орденінің Үлкен кресті (8 қаңтар 1987 жыл)[5]
- «Итальян Республикасына алдында сіңірген еңбегі үшін» орденінің командоры (2 маусым 1986 жыл)[6]
- Ғылым және мәдениетке сіңірген еңбегі үшін Алтын медаль (6 маусым 2001 жыл)[7]
- Мектептегі білім беру, мәдениет және өнер саласындағы еңбегі үшін Алтын медаль (31 қазан 1986 жылы)[8]
- Құрмет легионының орденінің Ұлы офицері (Франция)[9]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Women in the Biological Sciences
- ↑ Гистолог Джузеппе Леви жазушы Наталии Гинзбургтың әкесі болған.
- ↑ The cousin ignored Мұрағатталған 10 наурыздың 2016 жылы.
- ↑ Интервью с Пьерой Леви-Монтальчини
- ↑ Cavaliere di Gran Croce Ordine al Merito della Repubblica Italiana Dott.ssa Rita Levi (итал.)
- ↑ Commendatore Ordine al Merito della Repubblica Italiana Dott.ssa Rita Levi (итал.)
- ↑ Medaglia d’oro ai benemeriti della scienza e cultura Prof. Rita Levi Montalcini (итал.)
- ↑ Medaglia d’oro ai benemeriti della scuola della cultura e dell’arte Dott.ssa Rita Levi Montalcini (итал.)
- ↑ Consegna della Croce di Grande Ufficiale della Legione d’onore all’On. Rita Levi Montalcini (итал.)
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Рита Леви-Монтальчинидің Нобель сыйлығы сайтындағы өмірбаяны Мұрағатталған 16 қаңтардың 2013 жылы. (ағыл.)
- Үлгі:ЭЕЭ
- Итальяндық еврей әйел — Нобель сыйлығының лауреаты жүзжылдығын атап өтті. jewish.ru
|
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 22 сәуірде туғандар
- 1909 жылы туғандар
- Туринде туғандар
- 30 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 2012 жылы қайтыс болғандар
- Римде қайтыс болғандар
- Италия Республикасы алдында сіңірген еңбегі үшін Үлкен Крест ордені кавалерлері
- Италия Республикасы алдында сіңірген еңбегі үшін орден командорлары
- Құрмет легионының ұлы офицерлері
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Италия нейробиологтары
- Италияның өмірбойы сенаторлары
- АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар
- Француз ғылым академиясының мүшелері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері
- Лондон корольдік қоғамының мүшелері
- Папа ғылым академиясының мүшелері
- Турин университетінің түлектері