Дронт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Додо

Дронт - 400-ден астам жыл бұрын, 1598 жылы қанатсыз құс туралы алғашқы зерттелмеген деректер пайда болды. Оның аты додо немесе дронт еді. Дронттардың еуропалықтарға ертеден белгілі болғаны туралы ешқандай дәлел сақталмаған. Маврикий аралына голландтарға қарағанда 100 жыл бұрын XVI ғасырда барған португаль теңізшілері бұл құстар туралы жазбаша мәлімет қалдырмаған. Лиссабон жинақтарынан да дронт туралы мәліметті зерттеушілер таба алмайды. Дегенмен Үнді мұхитының төңірегін шарлаған голландықтар дронттарды бүкіл әлемге танытып, оларды жергілікті назар аударарлық затқа айналдырды. Маврикий аралына кеме керуені жеткеннен кейін айбатты голландық адмирал Якоб Корнелисзоон ван Нектің өзі осы аралдағы жолдарында тірі және қызықты көргендерінің барлығының тізбегін жазуға кіріседі. 1601-жылы оның жазба жолдарын латынша, ағылшынша және французша тілге аударады. Еуропаның ғалымдық әлемі оғаш ұшпайтын құс туралы білді. Ван Нек адмиралының күнделігінде мынандай сөздер бар: ”...олар біздің аққулардан үлкен, жартысына дейін мамықпен жабылған үлкен басы бар. Бұл құстың қанаттары жоқ. Құйрығы ішке қарай майысқан күл түсті қауырсындардан тұрады...” Қанат жайлы адмирал қателесті, олар болды, бірақ өте кішкентай. Шамамен үлкен құс 20-25 кг болған. Салыстыру үшін индюктар болса 12-16 кг болады. Дронттың төрт саусағы бар аяқтары да индюктікіне ұқсас. Бірақ та дронт индюкқа қарағандай ұзындау, 1 м-дей еді. Осы құстардың жалпы үш түрі бар. Осы үш түрі де бір-біріне тұмсықтарымен ұқсас екен. Дронттардың бүркіттікі секілді тұмсықтары болды. Латания пальмасының жемістері дронттардың бірден-бір тағамы болды. Әлемде тек латанияның үш түрі белгілі және олардың барлығы да тек қана Маскаренс аралдарында кездеседі. Бұл құста көптеген ерешеліктер мен оғаш заттар болды.

Олардың ұя және жұмыртқа салуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Олардың ұядағы мінезі. Дронттардың ұялары құмнан, пальма жапырақтарынан және бұтақтарынан таушық секілді жасалынатын. Сол ұяға олар тек қана бір ірі, ақ жұмыртқа салады. Осы жұмыртқаны ұрғашы мен еркек 7 ай бойы кезектесіп басады. Жауапкершілік жоғары мезгілде ата-аналары ешкімді 200 қадамнан жақын жерге жібермеген. Адам келмегенше басқа қандай қауіп болуы мүмкін еді? Тек сол тектің басқа мүшелері еді. Егерде бөтен дронт ұяға жақындап келе жатса, оны қууға сол жынысқа тән дронт барады. Мысалы еркек ұядағы жұмыртқаны басып отырған кезде бөтен ұрғашы жақындаса да, ол қууға өзі шаппайтын еді. Еркек қанаттарын қағып және дыбыстар шығарып өзінің ұрғашысын шақырады. Содан соң ұрғашылар өздері шешеді. Бөтенді қуғаннан кейін сол дронт ұяның айналасын айналып жүгіретін еді. Себебі бөтен құс өзіне ұнаған жерден бірден кетпейтін.

Дронттың қазіргі ұша алмайтын ұқстардан айырмашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғарыда айтқандай бұл ірі құс ұшу білмейтін. Пингвин мен страустар да ұшу білмейді. Бірақ пингвин жақсы жүзеді, ал страус жақсы жүгіреді. Дронт ұша да, жақсы жүгіре де алмайтын. Оған ештеңе керек емес те еді. Себебі аралда құрлықта жүретін жыртқыштар болған жоқ. Көп ғасырлық дамудан кейін додо және оның ағайындылары қанаттарын жоғалтты. Бірақ та еуропалықтардың Маскаренс аралының табиғатына кіріскеннен кейін дронттардың бейбіт өмірі аяқталды. Негізі аралда ешқандай сүтқоректі болмаған еді. Алдымен португаль керуендері XVI-ғасырда ешкі, шошқа, қара тышқандар мен макакаларды Оңтүстік-Шығыс Азиядан алып келді. Содан соң иттер және де басқа да үй жануарларын әкеле бастады. Талғаусыз жейтін шошқалар дронттардың жұмыртқаларын жеді. 1959 жылы неміс натуралисті Люттшвагер Лондон қаласында өткен бүкілхалықтық зоологиялық конгрессте алғаш рет бұл құстардың пайда болуы және туыстық қатынастары жайлы жаңа гипотеза айтты. Ол дронттарды коростеллаларға ұқсатты. Бұл құстардың түрі де додо секілді ұша алмайтын. Және де осы коростеллаларға ұқсас құстардың барлығы да дронттар секілді жер бетінде құрып кетті.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]