Еттұмсықтылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Еттұмсықтылар
Қазбалық ауқымы: 60–0 Ma Late Paleocene – Recent
Саванна пілі, Loxodonta africana
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Кіші жамағаты: Омыртқалылар
Табы: Сүтқоректілер
Кіші табы: Нағыз аңдар
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Ұлы сабы: Afrotheria
Сабы: Proboscidea
Illiger, 1811
Тұқымдастары

қазір тірі:
Пілдер

плейстоценға дейін тіршілік еткен:
Gomphotheriidae
Mammutidae
Stegodontidae

алдында жойылып кеткен:
Amebelodontidae
Anthracobunidae
Barytheriidae
Choerolophodontidae
Deinotheriidae
Gnathabelodontidae
Hemimastodontidae
Moeritheriidae
Numidotheriidae
Palaeomastodontidae

Еттұмсықтылар, хоботтылар (лат. Proboscidea) – сүтқоректілер отряды.

Негізінен Африкада эоценнің орта шенінде тіршілік етіп, Еуразия мен Америкаға тараған; жақсы дамыған кезеңі неоген мен плейстоцен болып есептелінеді. Ертедегі еттұмсықтылардың биіктігі 1 м-дей, соңғы кезде тіршілік еткендерінікі 4,5 – 5 м-дей болған. Аяқтары бағана тәрізді, бес саусақты. Бұлардың сырт пішініндегі ерекшелігі – екінші күрек тістерінің ұзарып, сойдақ тіске және тұмсықтарының ұзын еттұмсыққа (хоботқа) айналуы. Өсімдікпен қоректенген. Еттұмсықтылардың жойылып кеткен тұқымдастарының ішінде меритерийлер, дейнотерийлер, мастодонттар, мамонттар және тағы басқалар.

Азия пілі

Осы күнгі жануарлар әлемінде еттұмсықтылардың денін пілдер құрайды. Ертедегі еттұмсықтылар су жағалауларында тіршілік еткендіктен, олардың тістері төмпешікті, аяқтары қысқа болған. Бертін келе олар ашық жерлерде тіршілік етіп, ағаштың бұтақтары және қатты жапырақтарымен қоректенуіне байланысты жеген қорегін уататын өте күшті жетілген үстіңгі күрек тістері – сойдақ тістер (азу) және үстіңгі ернімен біріккен ұзын еттұмсықтары пайда болды, аяқтары ұзарды. Қазақстан жерінде еттұмсықтылардың бір түрі – гомфотерийлер Жыланшық өзенінің бойында тіршілік еткен.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том