Жоба:Білгенге маржан/Мұрағат
Көрініс
- Пималар — солтүстікте, ал чулуптар оңтүстікте тұрады.
- Балтық тізбегін құру үшін төрт миллионға жуық қолдың ұстасып тұруы қажет болды.
- Үндістер ойлап тапқан командалық ойын бір ғасырлық үзілістен кейін Олимпиадаға оралады.
- Қазақстанда 27 моноқала бар.
- Комета тозаңының үлгісін Жерге жеткізген алғашқы миссия ғарышқа өткен ғасырдың соңында ұшырылды.
- Қолдық калькуляторды ойлап тапқан ғалым Нобель сыйлығын 2000 жылы алды.
- Қазақ халқында 10 000 ең көп кездесетін есімдер арасында 10% шекпен 294 унисекс есім бар.
- Қазақстанда Өлеңті деп аталатын 2 өзен бар, біреуі Жайыққа, екіншісі Ертіске құяды.
- Шекспирдің сонеттерін қазақ тіліне екі белгілі ақын жеке-жеке аударған.
- Әл-Фарабидің атақты трактаты ағылшынның утопист-социалисі Томас Мордың еңбегіне негіз болған.
- «Робот» сөзін ойлап тапқан жазушы Карел Чапек бірнеше рет Нобель сыйлығына номинация алған еді.
- Процедуралық драмалардың әр сериясы басы-аяғы бар сюжетті ұсынады (суретте — медициналық драманың логотипі).
- Қымызынай Саумалкөлден біршама шығысқа қарай орналасқан.
- Әзірге белгілі жарықты кері шағылыстырмайтын, үлкен тартылысқа ие тығыз ең алып аспан денесі күннен жеті миллиард есе ауыр.
- Реформаға дейінгі орыс әліпбиінің графемаларына негізделген қазақ әліпбиін жасаған ағартушының әкесін қазақтың соңғы ханының сарбаздары өлтірген.
- Ежелгі грек философтың шәкірттері бір сұраққа жауап алуы үшін бірнеше сұраққа жауап іздеуі керек болған.
- Домбыра үніне жан бітірген күйшінің (суретте) найман қызына ашуланып шығарған күйі шығармашылығындағы ең көрнекті, айшықты туындылардың біріне айналған.
- Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісті бастаған қазақ батыры алашордашылар қолынан қаза тапқан.
- Ұзаққа дейін емі жоқ деп саналған дерттен үш адам толықтай айығып шыққан.
- Физиканың фундаментал теорияларын тұжырымдап кеткен ғалым дәл Ницше секілді ғалам тағдыры белгілі бір уақыттан кейін қайталанады деп есептеген.
- Беларусьтен шыққан алғашқы Нобель иегері — әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алған алғашқы журналист.
- 30 жылда алғаш рет жаңа антибиотиктер тобы ашылды.
- Орыс халқының ұлы ақынының ұрпағы — Ұлыбританияның ең жас миллиардері атанды.
- Адам өз денесіне өзі қамалып қалуы мүмкін.
- Әлемдегі ең биік сарқырама тек қана 20 ғ. ашылған.
- Шоколадтан тағам дайындауға болады.
- Өзінен бірнеше есе үлкен аңдардың балаларына одан әлденеше есе кіші аңдар шабуыл жасауы мүмкін.
- Қағбаның географиялық орналасуы алтын қатынасқа сәйкес келеді: оңтүстік полюстен Қағбаға дейінгі арақашықтық Қағбадан солтүстік полюске дейінгі арақашықтықа қатынасы 1.618 мәнін береді.
- Жаңа жылдық шыршаға ілінетін электрлік әсемдік шамдар (гирлянда) алғаш рет 1895 жылы АҚШ-тағы Ақ Үй алдындағы шыршаны безендіруде қолданылған.
- Мысырда Жаңа жылды Ніл өзені тасыған күні тойлайды.
- Жапонияда Жаңа жыл кешінде қоңырауды 108 рет соғу қалыптасқан. Әр бір қоңыраудың соғылуы бәр жат қылыққа сәйкес келеді. Жат қылықтар саны алтау: сараңдық, ақылсыздық, ашушаңдық, жеңілтектік, батылсыздық және қызғаныштық, алайда әрбір жат қылықтың 18 түрі бар, сонда барлығы 108 болады.
- Жаңа жылдық шыршаны безендіру алғаш рет Германияда орта ғасырларда басталған.
- Бұл ХХІ ғасырда жасалған және ғарышқа ұшырылған алғашқы зымыран.
- Кеңес Одағының Батыры, жаудың 346 сарбазының көзін жойған, әрі үздік мергендердің жиырмалығына енген мерген Филипп Рубахоның ұлты қазақ болған.
- Қазақ тіліндегі «сараң» сөзі — корей тілінде «махаббат» (사랑) дегенді білдіреді.
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректеріне сәйкес Қазақстан жасөспірімдер өзін-өзі өлтіру деңгейі бойынша әлемде 4-орын алған.
- Адамзат тарихында болған ең жойқын, қатыгез соғыс – 1 қыркүйекте басталып, 2 қыркүйекте аяқталған.
- Қазақ ханы 1643 жылы Орбұлақ шайқасында 600 сарбазымен жоңғардың 50000 әскеріне тойтарыс беріп, 300 спарталықтың ерлігін қайталаған.
- Тәуекел мен Есім – Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы – Жәдік сұлтанның ұлы – Шығайдың ұлдары.
- Тәукенің «Жеті жарғысында» некеге отырудың шарты ретінде 13 жас белгіленген, сондай-ақ жеті атаға дейінгі қатынаста болмауы тиіс болған.
- Халық Ассамблеясы – тек Қазақ Еліне тән конституциялық орган.
- Үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған – Иван Кожедуб – Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.
- Светлана Савицкая – екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына алғаш рет және жалғыз ие болған әйел ғарышкер-ұшқыш.
- Айып добын тебуді ойлап тапқан адам - сол жазаны алушының өзі.
- Бұл жануар 1000 литр суда ерітілген 1 грамм қанды сезе алады.
- 114 сүренің барлығы «بسملة» сөзінен басталады деген қате пікір.
- Стив Джобс университетті бітірмей-ақ байлыққа қол жеткізген.
- 2005 жылы бұл елде тіпті «гүл» есіміне ие болған төңкеріс те болған.
- Футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан салынған голды қақпашы салған.
- Ай, Шолпан және Марс ғаламшарларының бетіне алғаш рет қонған бір мемлекет.
- «Time» журналы бойынша сіз — 2006 жылдың «Жыл адамысыз».
- Ұлыбритания патшасы болған неміс, өмірінің соңына дейін ағылшын тілінде сөйлемеген.
- Жапония әлемдегі бірден-бір бір ұлтты мемлекет. Жапониядағы жапондардың үлесі 99 пайызды құрайды. Одан кейінгі орында Италия италияндардың 98 пайыз үлесімен Еуропадағы бірінші бір ұлтты мемлекет саналады.
- Мұсылмандар Меккені ешбір соғыссыз жаулап алған.
- Мұхаммед пайғамбар ﷺ тек діннің ғана емес, сондай-ақ зираттың негізін қалаған адам.
- Словакия — Еуроодаққа мүше елдердің ішіндегі бірде-бір мешіт тұрғызылмаған жалғыз мемлекет.
- Математика бойынша әлемдегі ең танымал Филдс сыйлығын 78 жылдық тарихында алғаш рет әйел адам еншіледі.
- «Атың шықпаса, жер өрте» деп қазақ бекер айтпаған.
- 1631 жылы тұрғызылған бұл мәрмәр кесененің үлкен күмбезінің биіктігі алпыс бір метр — ол шамамен он бес қабат үйдей болады.
- Ағаш үстіне мінген жас ханшайым (суретте) келесі күні 15 мемлекеттің патшайымы болып түскен екен.
- Швеция мен Норвегияның шекарасында орналасқан кішкентай Å ауылы ең қысқа атаулы аймақ болып табылады. Скандинавиялық тілден аударғанда Å – «өзен» дегенді білдіреді екен.
- Лесото, Ватикан және Сан-Марино елдері бір ғана елмен шектеседі. Лесотоны толығымен ОАР қоршайды, ал Ватикан мен Сан-Мариноны толығымен Италия қоршап жатыр.
- «Вильгельм Кайзерінің Шыңы» деп аталатын бұл таудың (суретте) басын экваторға жақын орналасқандығына қарамастан қар басады екен.
- Дүние жүзі бойынша ең ұзын шекара — жалпы ұзындығы 8 891 км болатын АҚШ пен Канада арасындағы шекара (суретте) болып табылады.
- Time журналы жыл сайын жариялайтын «Жыл адамы» атағына 3 мәрте ие болған жалғыз тұлға — осы атаққа ие болған алғашқы АҚШ президенті.
- Ежелгі египеттіктер Тутмос III-нің басқыншылық жорықтары кезінде (б.з.д. XV ғасыр) алғаш рет Евфраттың жағалуына аяқ басқан, сол кезде олар өзенді «Нахаринаның ұлы төңкерілген өзен», немесе «теріс ағатын өзен» деп атаған, себебі оларды Евфраттың әдеттегі Ніл өзені секілді солтүстік бағытта ақпайтындығы таңқалдырған.
- Кеңес әскері жиырма жыл бойы Ливия тыныштығын сақтады және Каддафидің кіші баласын әскери іске үйретті.
- Қазақ халқы арасынан шыққан тұңғыш кавалерия генералы Шыңғысхан ұрпағынан болған.
- Әлемдегі ең суық астанаға қазіргі атын ұсынған тұлға, өзі еңбек еткен режим қолынан қаза тапқан.
- Полюсті мекендейтін аюлар күніне 25 кг астам ет жей алады.
- Макаронның шыққанына 4000 жыл болған. Қытайдағы Янцзы алқабында ұзындығы жарты метрге жететін, спагетти пішінді, қатып қалған кеспе салынған құмыра ыдысы табылған.
- Банан ағашы деп айтқанымызбен, негізінен, ол - ағаш емес, орасан зор шөп, сондықтан банандар жидек қатарына жатқызылады.
- Әлемде жасанды тілдер ішіндегі ең көп тарағаны 2000-ақ адамға ана тілі болып келеді.
- 16 жасында хакерлік үшін сотталған жасөспірім - бүгін танымал интернет-кәсіпкер, Plaxo, Facebook және Napster-дің негізін қалаушыларының бірі.
- Бұл орта азиялық елде болған руаралық, ішкі этникалық азаматтық соғыс нәтижесінде 50 - 100 мың адам өлген.
- Хакерліктен марафондар ұйымдастырылады.
- Көк киттің жалғыз бір жүрегінің салмағы — 1 тоннаға дейін жетеді, ал тілінің өлшемі бір пілдің өлшемімен тең.
- Дүние жүзіндегі ең алғашқы ұйымдастырылған ұлттық саябақ атауы сары тас дегенді білдіреді.
- Қазба байлықтардың молшылығы ел экономикасын қарғауы мүмкін.
- Газет-журналдық бас қатырғыш бойынша әлем чемпионаттары өткізіледі.
- Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.
- Қазақстанның бірінші географиялық атласы екі том болып 1982 және 1985 жылдары жарық көрді.
- Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен мамырдың аяғында басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері құралай деп аталады.
- Түрікменстан елтаңбасында ақалтеке бейнеленген.
- Ферғана атауы парсы тілінде перілер үйін білдіреді.
- Уикипедияның неміс тіліндегі бәсекелесінің көлемі Қазақша Уикипедиямен шамалас (200—300 мың мақала).
- Әуеде ұшақтардың соқтығысуынан қаза болғандар саны бойынша ең зардапты апат қазақстандық әуекомпаниясының қатысуымен болған.
- Керік төліне туыла сала 2 метр биіктіктен құлауға тура келеді.
- Қазақстанның стратегиялық маңызы бар нысан болып табылатын Алматы халықаралық әуежайының иесі кім екендігі тіпті Алматы әділет басқармасының өзіне ресми түрде беймәлім.
- Шығыс қыздарының көздері өте үлкен болуы мүмкін.
- Бавария футбол клубының құрылғанынан кейін, араға 90 күн салып Барселонаның негізі қаланған.
- Жел генераторларының қуаттылығы турбина қалақтарының ауданына тәуелді.
- Су энергетикасы әлемдік жаңартылатын энергияның 3/4 бөлігін қамтамасыз етеді.
- Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі эндемик болып саналады.
- Алғашқы баспадан шыққан Құран нұсқасы 1694 жылы Германияның Гамбург қаласында жасалған.
- Қызыл Империяның мұрагері мен Демократия Отаны мегатонналар мен мегаваттарды айырбастауда.
- Қытайдың бұл қаласы 12 қабаттан асатын ғимараттар бойынша (7685) әлемдегі бірінші орынды алады.
- Қазақстанның тұрғыны ең аз облысы ЖІӨ көлемі бойынша көшбасшы.
- Әлемдегі ең жас мемлекет жер көлемі жағынан 10-шы ірі елдің құрамында болған.
- Қазақстан Ұлттық футбол құрама командасы ең алғашқы кездесуін оңтүстік-батыстағы көршіге қарсы жеңіспен аяқтаған.
- КСРО мен Ресей хоккейінің 25 жыл қаймағы бұзылмай тұрған рекордын жаңартқан канадалық қорғаушы — шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншысы.
- Жапон комикстары мен мультфильмдері кейіпкерелерінің бұл стереотипті үлгісі жапон мәдениетіне тән ерекшелік саналады.
- Белгілі ақпараттық технологиялар саласындағы компанияның кітаптарға арналған қызметі әлемдегі кітаптар санын 130 миллион деп бағалап, оларды осы онжылдықтың соңына дейін сандық үлгіге өткізбек.
- Бұл қасиетті жәдігер христиан серіліерінің қолжетімсіз арманына айналды.
- Белгісіз автордың белгісіз тілмен белгісіз әліппені қолдану арқылы жазған кітабы әлі күнге шейін ғалымдардың басын қатыруда.
- Құранды ең алғашқы басқа тілге аударған адам Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сахабасы болған деп есептелінеді.
- Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш бар.
- Бүкіләлемдік экономикалық форум өтетін Давостың тұрғындар саны Ерейментау халқымен шамалас.
- Ботсваналық есектің кесірінен Google компаниясының көшелерді қарауға мүмкіндік беретін Street View қызметінің абыройына нұқсан келе жаздады.
- Алғашқы термоядролық бомба ядролық қару ретінде бағаланбағанымен, бүтіндей бір аралды жоқ қылған.
- Әлемдегі ең биік қонақ үй осы қалада орналасқан.
- Бір ғалымның айтуынша Құранда 77,439 сөз бар, ал басқа ғалымның санағы бойынша Құранда 320,015 әріп бар екен.
- Жасанды тілде жазылған Уикипедия бөлімі көптеген тірі тілді бөлімдерді мақала саны бойынша озып, артынан жойылып кеткен.
- Кеңес Одағы кезінде көп қолданылған шығарма форматы мектеп оқушыларын 11 оқу жылы ішінде сегіз рет әбігерге салған екен.
- Қазақстан Республикасы қалаларының 30%-дан астамы моноқала.
- Әрекетті жанартаулар алаңында орналасқан сөнген вулкан ұйқыдағы жанартау деп аталады.
- Nissan-ның Qashqai кроссовер моделі түркі тілдес тайпаның атымен аталған.
- Жәрмеңке сөзінің түп-тамыры неміс тілінде жатыр.
- Еуропа Одағындағы ана тілі ретінде ең көп сөйленетін тіл - Гете тілі.
- Ташкент облысындағы Бостандық ауданы 1956 жылға дейін Қазақ КСР құрамында болған.
- Сарыарқа — Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан.
- Шығыс Азияда жиі қолданылатын эмотикон, яғни смайлдар стилі - каомодзи деп аталады.
- 2012 жылға дейін әйел боксшыларға Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілмеген.
- Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала - Лондон.
- Жетімыңдық шыңдардың ең қиыр солтүстікте орналасқаны - Жеңіс шыңы.
- Биатлон - қысқы ғана емес, сонымен қатар жазғы спорт түрі.
- Жоғары жылдамдығында қабылан қадамдары жылқыныкіндей шамамен 7 метрге дейін жетеді.
- Абақтыда ең ұзақ отырған болашақ мемлекет басшысы Нельсон Мандела болып табылады. Президенттігінен бұрын саяси тұтқын ретінде 27 жыл 6 ай 6 күн қамауда болған.
- Әлемдегі ең биік ғимарат Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан.
- АҚШ-тағы ЖОО студенттер саны (14 261 800) Үндістан, Қытай, Жапония студенттерін түгелдей қосқанда да көбірек.
- Бір күнде 294 миллиард e-mail, яғни электронды хабарлама жөнелтіледі.
- Леди Гаганың туиттердегі жазбалары 32 миллионнан астам оқырманға жетеді. Бұл рекордтық көрсеткіш.
- Жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған жалғыз кәсіби спортшы - Мұхаммед Әли.
- Жүктілігі орта есеппен 650 күн бойы созылатын сүтқоректі.
- Халық қаһарманы атанған желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбеков алдымен өлім жазасына бұйырылса, кейіннен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.
- Астана сөзінің парсы тіліндегі баламасы "киелі орын", "босаға".
- Қазақстанда алғаш рет А. Н. Сызғанов жүрекке бірінші операцияны 1958 жылы өткізді.
- Эйфель мұнарасы 1889 жылғы әлемдік көрмеге (EXPO) арналып салынған. Алғашында уақытша ғимарат ретінде жоспарланған болатын.
- 1959 жылдан бері Италияда жазғы және қысқы 9 универсиада өткізілген.
- Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасы қатарында дебюттік ойынын Қазақстан құрамасына қарсы өткізген. (суретте)
- Ғаламтордағы қарым-қатынас этикасының бұзылуымен ерекшеленетін виртуалды коммуникация түрі троллинг деп аталады.
- Мағлұматты қандай да болмасын тілге тәуелсіз және жылдам жеткізетін, әрі қауіптен сақтандыру мақсатында пиктограммалардың ролі ерекше. (суретте)
- Ең кішкентай ит тұқымы Чихуахуаның бойы 15 – 23 см, ал салмағы 0.3 – 3 кг болып келеді.
- Алғаш рет сызықшалы кодпен сатылған тауар — Wrigley’s сағызы. Ол 1974 жылы 26-шы маусым күні сағат 08:01-де сатылған. (суретте)
- Испанияның мемлекеттік әнұраны ресми мәтіні бекітілмеген әлемдегі бірнеше әнұрандардың бірі. Дүние жүзіндегі ең ескілердің бірі саналады.
- Әлемнің 8 мың метрден асатын ең биік 14 шыңын бағындырған тек 27 ғана адам болса, соның үшеуі қазақстандық, ал біреуі қазақ.
- Фанта сусыны 1940 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияда пайда болған және алғашында оны алмадан және ірімшіктен жасаған.
- Жаңа Зеландияда орналасқан Тауматауакатангиангакоауауотаматеатурипукакапикимаунгахоронукупокануэнуакитанатаху төбешігі әлемнің ең ұзын атауы ретінде Гиннесстің Рекордтар Кітабына тіркелген.
- Киттің сүті өте құнарлы: сиыр сүтімен салыстырғанда май 10 есе, ақуыз 3 есе көп.
- Азиялық пілдің балаларына үнді арыстандары шабуыл жасауы мүмкін.
- 2 жастағы ұрғашы жылқыны құнажын байтал дейді.
- Қан топтарының бір жүйесіне маймылдың аты берілген.
- Әлемдегі ең биік сарқырама тек қана 20 ғ. ашылған.
- Ең ежелгі ит тұқымдарының бірі Қытайда кем дегенде екі мың жыл белгілі болса да, қазіргі түріне 19 ғ. Англияда келтірілген.
- Финикийлердің жазуы қазіргі көптеген алфавиттердің негізінде жатыр.
- 1921 жылы Мұхтар Әуезов қазақ жері қазақсыз қалуы мүмкіндігі туралы мақала жазған.
- Маңғыстауда жылқышының биіктігі 183 метрге жетуі мүмкін.
- Бұлттар табиғи ғана емес, индустриялық және жасанды болады.
- Соңғы 4000 жылда бірде-бір жануар қолға үйретілмеген.
- Балдың бір келісін жасау үшін, аралар 2 миллион гүлді аралап шығуы тиіс.
- 1983 жылы бала туылмаған жалғыз ел — Ватикан.
- Ең көп жауын жауатын жер — Гавайи аралындағы тау. Бұл жерде жылына 350 күн жаңбыр жауады.
- Футболшы допты басымен әр ұрған сайын миындағы 1000 жасуша өледі.
- Шри-Ланканың байырғы халқы веддалардың маса мен сүліктерге иммунитеті бар, бұл тіршілік иелері бұларды ешқашан шақпайды.