К-2

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
К-2 немесе Чогори тауы

К-2 (урду: کے ٹو‎, қыт. 喬戈里峰) Китченер тауынан 1 шақырым қашықтықта, Джаспер Ұлттық саябағындағы Атабаска өзенінің жоғарғы алқабында орналасқан. К-2 - Қарақорым тау тізбегіндегі ең атақты шыңдардың бірі. Бұл атқа ұқсас К-1, К-3 деп аталатын шыңдар бар. Кейбір деректерде аталған тауды Чогори деп те атайды. Алайда бұл тау К-2 атауымен әйгілі болған. 1856 жылы К-2 тауын Үнді барлау қызметі өлшеген. Биіктігі 8611 м болатын К-2 тауы әлемдегі ең биік екінші тау болып саналады. К-2 биіктігі 6000 м-ді құрайтын тасты тауларға жатады. Оны жергілікті тұрғындар «Чого Ри» деп те атайды. Ол «Ұлы тау» деген мағынаны білдіреді. К-2 шыңы Пәкістан мен Қытай мемлекетінің шекарасында, екі елге де ортақ болатын даулы аймақта орналасқан. Қыс мезгілінде К-2 шыңына ешкім көтерілмеген. Шыңға шығуға алғаш рет 1902 жылы Оскар Экерштейн мен Алистер Кроули талпыныс жасаған болатын. Бірақ саяхатшылардың сапары сәтсіз аяқталды. К-2 шыңына 1954 жылы 31 шілдеде Ардито Дезио басқарған италиялық экспедиция көтерілді. Осы топтың құрамындағы Линно Лачеделли мен Акилле Компаньони шыңға алғаш көтерілген альпинистөр болып табылады. Бұл тауға қыс кезінде жасалған сапар еш нәтиже беріп көрген жоқ. Альпинистер үшін К-2 шыңына көтерілу Эверестке шығудан да күрделі болып саналады. К-2 әлемдегі ең күрделі және қауіпті тау болып есептеледі.

1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.