Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Кельт тілдері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кельт тілдеріҮндіеуропа тілдері шоғырына жататын тілдердің бір тобы. Оған галлий және мэн (өлі тілдер), валлий (уэльс), ирланд, шотланд, бретон, корн тілдері жатады. Кельт тілдерінің біразы кейін өлі тілге айналған. Галль тілдерін б.з. 1-жүзжылдығында римдіктер жаулап алғаннан кейін латын тілі ығыстырған. Корн тілі 18 ғ-дың аяқ шешінде қолданылудан қалып, өлі тілдер қатарына қосылған. Кельт тілдерінің қалғандары қазір де бар. Ирланд тілі Ирландияның мемл. тілі болып (ағылшын тілімен қатар) есептеледі. Мэн тілі (Мэн аралында) Шотландияның таулы бөліктерінде, уэль тілі Ұлыбританияның Уэльс аралында, бретон тілі Францияда кездеседі. Кельт тілдері континенталь (галль, кельт), бритт (корн, бретон),гойдель (ирланд, гэль, мэн) делінетін 3 топқа бөлінеді. Мұның бритт тобындағыларының жеке-жеке тілге жіктелуі 6 – 8 ғ-ларда, гойдель тобындағыларынікі 12 – 13 ғ-ларда болған. Ирланд тілінде септік жалғауы жоққа тән. Қазіргі кельт тілдерінде баяндауыш бастауыштан бұрын, толықтауыш бастауыштан кейін айтылады. Ирланд тілінің ескі жазба нұсқаларында баяндауыштың кейде сөйлем соңында келетін жерлері де бар. Кейінгі кездегі зерттеушілер кельт тілдеріндегі бұрын субстрат есебінде танылып келген кейбір белгілердің архаизм екенін байқады. Екпін жүйесіндегі кейінірек болған өзгерістің нәтижесінде кельт тілдерінде сөздің басқы дауыссызы жиі алмасады. Бұл құбылыс кельт тілдерінде маңызды синтаксистік қызмет атқарады. Көне кельт тілдері флективті тілдер қатарына жатады.[1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том