Курт Штудент
Курт Штудент | |
---|---|
12.05.[1890 – 01.07.1978 | |
Place of birth | Биркгольц |
Place of death | Лемго |
Allegiance | Германия |
Service/branch | Әскери әуе күштері(Luftwaffe) |
Years of service | 1910-1945 |
Rank | Генерал-полковник |
Battles/wars | Бірінші дүниежүзілік соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс |
Awards | Гохенцоллерн әулетінің ордені Емен жапырақтарымен көмкерілген рыцарьлық айқыш |
Курт Штудент (12.05.1890 – 1.07.1978) — Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери ұшқыш ретінде, ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде алман парашютшыларының қолбасшысы ретінде қызмет еткен Германия Luftwaffe (Әскери әуе күштері) генералы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Штудент Пруссияның Бранденбург аймағындағы Биркһольц ауылында туған, ол қазіргі Польшаның жерінде орналасқан.
Штудент 1910 жылы Империялық Германия әскеріне қызметке офицер-кандидат ретінде кіріп, 1911 жылғы наурызда лейтенант дәрежесін алды. Басында жеңіл жаяу әскер батальонында қызмет еткен соң ол 1913 жылы ұшқыштық дайындықтан өтті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басынан 1916 жылғы ақпан айына дейін шығыс майданда ұшқыштардың 17-ші бөлімшесінде қызмет етіп, содан соң батыс майданда үшінші алман армиясының әуе бөлімдерінде, соның ішінде «Jasta 9» деп аталатын бөлімде. 1916-14 жылдары ол француз ұшақтарын 6 рет жеңді.
Версаль келісімі бойынша Германияға әскери күштерін иеленуге тыйым салынған болса да, екі соғыстың арасындағы кезеңде Штудент алман әскери әуе күштерін артта қалудан сақтап қалуға тырысып бақты. Соғыс аяқтала салысымен-ақ ол әскери зерттеу және дамыту істеріне жіберілді. Әсіресе ол планёрлық зерттеулермен айналыса бастады, себебі бұған Версаль келісімі бойынша тыйым салынбаған болатын. Сонымен бірге Қызыл әскер әуе күштерінің маневрларына қатысып, сонда ол алғаш рет әуе-десант операцияларымен танысты.
Адольф Гитлер Германияда билік басына келген соң Лүфтваффе (Әскери әуе күштері) құпия түрде қалпына келтірілді. Штудент әскерден соған айысып, Һерманн Гөринг оны Лүфтваффенің дайындық мектептерінің басшысы етіп тағайындады. 1935 жылы Германия Версаль келісімін жоққа шығарып, Лүфтваффе ресми ұйымға айналды. 1938 жылғы шілдеде ол десант топтарының қолбасшысы, ал қыркүйекте 7. Flieger-Division, яғни Германияның алғашқы Fallschirmjäger (парашют-десантшылар) дивизиясының басқарушы генералы болып тағайындалды.
Бұл дивизия Польшаны басып алуда ешқандай рөл атқармаса да, 1940 жылғы Бельгия, Недерланд, Люксембургтағы «Блицкриг» («Найзағай соғысы») кезінде Ебен-Емаел қамалын басып алуда өздерінің тиімді әскер екендіктерін көрсетті. 1940 жылғы мамыр айында Роттердамның маңында ол өз жағынан басына кездейсоқ жарақат алып, 8 ай бойы емделуге мәжбүр болды[1]. Осы операциялардың кезінде жетекшілігі мен ерлігі үшін Темір айқышты рыцарьлық айқышымен марапатталды.
1941 жылғы қаңтарда Штудент XI. Fliegerkorps әуе қосынының басқарушы генералы болып тағайындалды. Осы лауазымында ол 1941 жылғы мамыр айында Крит шайқасының кезінде Крит аралын басып алу операциясын, «Меркурий» операциясын басқарды[2] . Бұл операция сәтті өтті, бірақ шығындардың көп болғаны сонша, Гитлер болашақта әуе-десант операцияларын өткізуге тыйым салды.
1943 жылы Штудент «Емен» операциясын жоспарлады. Сәтті өткен бұл операцияның кезінде Лүфтваффенің арнайы бөлімі төбенің басына планерлер және қысқа жолақта ұша алатын ұшақтарды қондырып, италияндық диктатор Бенито Муссолиниді азат етті. Әйгілі эсэсшіл Отто Шкорзень де осы операцияға қатысқан. Осы операцияда атқарған рөлі үшін Штудент өзінің Темір айқыштың рыцарьлық айқышына емен жапырақтарын алды.
Содан соң Штудент Италияға, содан соң Францияға ауыстырылып, сонда ол 1944 жылы Нормандияны қорғауға қатысты. Ол 1-ші парашют армиясының қолбасшысы болып тағайындалып, Арнхемнің маңында ағылшын-американ әскеріне тойтарыс беруге атсалысты. Қысқа уақыттан кейін ол 1945 жылы шығыс майданға жіберіліп, Мекленбургтегі әскери қимылдарға араласты. Сол жылдың сәуірінде ол Шлезвин-Голштейнде британиялық әскерлердің қолына түсті. Британиялықтар оны 1948 жылға дейін соғыс тұтқыны ретінде ұстап, кейін бостандыққа шығарды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ B. H. Liddell Hart History of the Second World War — Konecky & Konecky. — P. 67.
- ↑ 1941 жылғы қаңтарда ол дәл осындай операцияны Солтүстік Ирландиядағы әскерлерге қарсы ұйымдастыруды ұсынғаны нақты белгілі, бірақ ол кезде Гөринг басты назарды Гибралтарды басып алу керектігін айтты.
- http://www.theaerodrome.com/aces/germany/student.php
- http://www.bridgend-powcamp.fsnet.co.uk/Generaloberst%20(Luftwaffe)%20Kurt%20Arthur%20Benno%20Student.htm Мұрағатталған 22 тамыздың 2013 жылы.
Әскери қызметтері | ||
---|---|---|
Ізашары: жоқ |
7-ші әуе дивизиясының қобасшысы 1938 жылғы қыркүйектің 1-і – 1940 жылғы мамырдың 16-сы |
Ізбасары: генерал-лейтенант Рихард Путциер |
Ізашары: жоқ |
11-ші әуе корпусының қолбасшысы 1940 жылғы желтоқсанның 19-ы – 1944 жылғы сәуірдің 3-і |
1-ші парашют армиясы болып қайта құрылды |
11-ші әуе корпусы | 1-ші парашют армиясының қолбасшысы 1944 жылғы қыркүйектің 4-і – 1944 жылғы қарашаның 18-і |
Ізбасары: Парашют әскерлерінің генералы Альфред Шлемм |
Ізашары: Жаяу әскер генералы Гүнтер Блүментритт |
1-ші парашют армиясының қолбасшысы 1945 жылғы сәуірдің 10-ы – 1945 жылғы сәуірдің 28-і |
Ізбасары: Жаяу әскер генералы Ерих Штраубе |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Kurt Student |
- 12 мамырда туғандар
- 1890 жылы туғандар
- 1 шілдеде қайтыс болғандар
- 1978 жылы қайтыс болғандар
- Любус воеводствосында туғандар
- Германия генерал-полковниктері
- Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар
- Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары
- Лемгода қайтыс болғандар
- Гогенцоллерндер Үйі Корольдік орденінің қылышты Рыцарлық кресті иегерлері
- 1 сыныпты Темір крест иегерлері
- 2 сыныпты Темір крест иегерлері
- Альбрехт орденінің иегерлері
- Емен жапырақты Темір кресттің Рыцарлық крестінің иегерлері
- 1 сыныпты Вермахтағы ұзақ жылдардағы еңбегі үшін медалінің иегерлері
- 2 сыныпты Вермахтағы ұзақ жылдардағы еңбегі үшін медалінің иегерлері
- 3 сыныпты Вермахтағы ұзақ жылдардағы еңбегі үшін медалінің иегерлері
- 4 сыныпты Вермахтағы ұзақ жылдардағы еңбегі үшін медалінің иегерлері
- 1938 жылғы 1 қазан естелігі үшін медалінің иегерлері
- Жаралағаны үшін күміс төсбелгісінің иегерлері
- Бірінші дүние жүзілік соғыстағы Германия ұшқыштары
- Үшінші рейх генералдары
- Үшінші рейхтың әуе-десанттық әскері тұлғалары