Лазурит
Лазурит — силикаттар класының каркасты типіне жататын минерал. Химиялық формуласы: Na6Ca2(AlSiO4)6(SO4,S,Cl)2 Сингониясы — текшелік, агрегаттары тұтас тығыз масса. Түсі — қою көктен күлгінге дейін, жылтырлығы — шыныдай, қаттылығы — 5,5, жіктілігі жетілмеген, меншікті салмағы — 2,38-2,42. Лазурит сілтілі және қышқыл интрузиялардың жапсарында метаморфталған әктастарда кездеседі. Әшекей тас ретінде қолданылады. Синонимі: ультрамарин. Лай балшықты шоқылардың үстіңгі жағынан шығып жататын, әдетте мұнай типті минералды сулар. Мұндай сулардың минералдылығы орташа алғанда 10 г/дм3-ден 20 г/дм3-ге дейін өзгереді. Құрамы көбінесе гидрокарбонатты натрийлі және хлорлы кальций-магнийлі. Л.б.ш.с-мен бірге көп жағдайларда шамалы мөлшерде мұнай да ілесіп шығады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ 2003. — 248 бет. ISВN 5-7667-8188-1, ISВN 9965-16-512-2