Мажор
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Мажор (фр. majeur, итал. maggіore, лат. major — үлкен; сондай-ақ dur, лат. durus — қатты, көтеріңкі, сергек) — үлкен (мажорлық) үш дыбыстылық аккордқа және осы үш дыбыстылықтың өзіндік мәнеріне негізделген, диатоникалық лад. Ұлттық ладтардың ішінен - иониялық ладына сәйкес. Мажорлық лад құрылымы төмендегідей болып келеді (C-dur, немесе до мажор болғанда): Мажордың тоникалық аккордтары төменгі табиғи дыбыс қатарымен біркелкі үйлесімде болады. Оның негізгі үш дыбыстылықтары тек үлкен (мажорлық) түрде кездеседі. Мажорлық ладтың бұл қасиеті оның жарқын, көтеріңкі үнмен шығуына көмектеседі. Мажордың минорға қарама-қарсылығы музыкадағы бейнеліліктің негізгі эстетикалық құралдарының бірі болып табылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |