Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Мариана шұңғымасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мариана шұңғымасы
ағылш. Mariana Trench
Мариана шұңғымасының орналасуы
Мариана шұңғымасының орналасуы
Сипаттамасы
Тереңдігі10 994 ± 40 м
Орналасуы
11°21′ с. е. 142°12′ ш. б. / 11.350° с. е. 142.200° ш. б. / 11.350; 142.200 (G) (O) (Я)Координаттар: 11°21′ с. е. 142°12′ ш. б. / 11.350° с. е. 142.200° ш. б. / 11.350; 142.200 (G) (O) (Я)
МұхитТынық мұхит
Мариана шұңғымасы (Тынық мұхит)
Мариана шұңғымасы
Мариана шұңғымасы Ортаққорда

Мариана шұңғымасыТынық мұхиттың батысында Мариана аралдарын бойлай 1340 км-ге созылып жатқан тар депрессия. Көлденең қимасы V тәрізді, беткейі тік (7 — 9Ә). Табаны тегіс, ені 1 — 5 км. Орташа тереңд. 8 — 11 км. Ең терең жері — оңт. бөлігінде 11022 м. Бұл дүниежүз. мұхит бойынша ең терең жер.

Бұл тереңдік Эверест тауының биіктігінен де асады. Оны 1958 ж. кеңес ғалымдары «Витязь» кемесінде ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізгенде анықтаған.[1]

Мариана шұңғымасының төменгі бөлігіндегі температура шамамен 1-4 градус.

Мариана шұңғымасының тереңдігі әлі толық зерттелмеген.

Шұңғыма жер қыртысының қалың ең жұқа жерлерінің бірінде орналасқан.

Тарихы

  • 1875: Ағылшын кемесі “Челленджер нүктесін” Мариана шұңғымасындағы ең терең нүктесін анықтап, оған “Челленджер шұңғымасы” деген атау берді. Олар тереңдікті 8184 метр деп өлшеген.
  • 1951: Американдық кеме “Мариана шұңғымасы” тереңдікті 10 863 метр деп өлшеді.
  • 1960: Американдық океанографтар Джеймс Камерон және Дон Уолш “Триест” кемесімен қолдана отырып “Челленджер шұңғымасына” жетті. Олар тереңдікті 10 916 метр деп өлшеген.
  • 2012: Режиссер Джеймс Камерон “Deepsea Challenger” аппаратымен шұңғымаға жетті. Ол оның тереңдігін 10 908 метр деп өлшеген.
  • 2019: “Витязь” кемесінің экспедициясы шұңғыманың тереңдігін 10 929 метр деп өлшеген.

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9