Мариано Диас
Мариано Диас | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Мариано Диас Мехия | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
182[1] | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
75[1] | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
шабуылшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері |
26 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мариано Диас Мехия (ис. Mariano Díaz Mejía; 1 тамыз 1993 жыл, Премия-де-Мар) — доминикалық және испаниялық футболшы, шабуылшы. "Реал Мадрид" сапында ойнайды.
Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клубтық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мариано балалық шағында Испанияның бірнеше клубында ойнады. Кәсіпқой карьерасын 2011 жылы "Бадалонада" бастағанымен, алаңға көп шыға алмады.
2012 жылы "Реал Мадрид" сапына қабылданды. Біраз жылдар бойы мадридтік клубтың екінші, үшінші командаларында ойнады. 2015/16 жылы Испания сегундасының үздік мергені атанды да, бас командаға қайта оралды. 2016 жылы желтоқсанда негізгі командада тұңғыш ресми ойынын өткізді.
2017 жылы Францияның "Олимпик" клубына ауысты. 2018 жылы тамыз айында "Реал" қайтадан сатып алды. Командадан кеткен Криштиану Роналдудың 7-нөмірлі жейдесін Мариано алды. Бірақ 2019 жылы жазда клубқа Эден Азар келген соң 7-нөмірлі жейдені Азар алды да, Мариано 26 нөмірге ауысты.
Ұлттық құрама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Доминикан Республикасы құрамында 2013 жылы бір ойын ғана өткізді. 2017 жылы Марианоның өзі Испания құрамасында ойнауға шешім қабылдады.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Командалық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Реал Мадрид»
- Испания чемпионы: 2016/17, 2019/20
- УЕФА суперкубогы: 2016
- Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2016, 2018
- Чемпиондар лигасы: 2016/17
- Испания суперкубогы: 2019/20
Жеке
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сегунданың үздік мергені (1): 2015/16 (25 гол)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1 тамызда туғандар
- 1993 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Барселона Провициясында туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Доминикан Республикасы Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Доминикан Республикасы футболшылары
- Реал Мадрид ФК ойыншылары
- Реал Мадрид Кастилья ФК ойыншылары
- Бадалона ФК ойыншылары
- Олимпик Лион ФК ойыншылары