Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Михаил Тимофеевич Калашников

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Михаил Тимофеевич Калашников
орыс. Михаил Тимофеевич Калашников
Михаил Тимофеевич Калашников
Лауазымы
Ту
Ту
КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты
Ту
Ту
1950 жыл — 1958 жыл
Мемлекет басшысы Иосиф Сталин
Георгий Маленков (м.а.)
Никита Хрущёв
Ту
Ту
КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты
Ту
Ту
1966 жыл — 1989
Мемлекет басшысы Леонид Брежнев
Юрий Андропов
Константин Черненко
Михаил Горбачёв
Өмірбаяны
Партиясы КОКП (–1991)
РФКП (2001)
Біртұтас Ресей (2013)
Ғылыми дәрежесі техника ғылымдарының докторы (1971)
Мамандығы инженер-құрылысшы, ғалым
Діні православ шіркеуі
Дүниеге келуі 10 қараша 1919 (1919-11-10)
Курья, Алтай губерниясы, Ресей мемлекеті (қазіргі Курьинский ауданы, Алтай өлкесі, Ресей)
Қайтыс болуы 23 желтоқсан 2013 (2013-12-23) (94 жас)
Ижау, Ұдмұртия, Ресей
Жерленді «Отан қорғаушылар пантеоны» Федералдық соғыс мемориалы, Мәскеу облысы
Әкесі Тимофей Александрович Калашников
Анасы Александра Фроловна Калашникова
Жұбайы Екатерина Викторовна Калашникова
Балалары үш туған және бір өгей қызы бар
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары 1938—2013
Құрамында болды  КСРО,  Ресей
Әскер түрі КСРО Қарулы Күштері
Ресей Қарулы Күштері
Атағы Генерал-лейтенант
Шайқасы Ұлы Отан соғысы
Марапаттары
Михаил Тимофеевич Калашников Ортаққорда

Михаил Тимофеевич Калашников (10 қараша 1919 жыл, қазіргі Алтай өлкесі23 желтоқсан 2013 жыл, Ижау, Ұдмұртия) — кеңестік және ресейлік генерал-лейтенант, өнертапқыш, әскери инженер, жазушы және атыс қаруының дизайнері, АК-47 автоматын жасағаны және оны жетілдіргені үшін белгілі.

Калашников Ресей Жазушылар одағының және Дизайнерлер одағының мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесі 3–4- және 7–11-шақырылымдарының депутаты (1950–1958, 1966–1989) болған.

Жастық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Михаил Калашников 10 қараша күні, 1919 жылы Курья ауылында, қазіргі Алтай өлкесінде дүниеге келді. Калашников отбасында он тоғызы дүниеге келіп, сегіз бала аман қалды; Михаил Калашников он жетінші бала болған еді. Ұлты — орыс.[1]

Әкесі — Тимофей Александрович Калашников (1883–1930) және анасы — Александра Фроловна Калашникова (1884–1957).[1]

Әкесі Тимофей Калашниковтың отбасы кеңестік үкіметпен кулак болып танылып, 1930 жылы Алтай өлкесінен Томск облысына жіберілді. Бала кезінен Михаил Калашников техникаға қызығушылық танытты, түрлі механизмдердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін қызығушылықпен зерттеді. Мектепте ол физика, геометрия және әдебиетке әуес болды.

Білімі және мансабы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туған ауылы Курьяда оқуын бітіргесін Қазақ КСР жеріне көшіп, сол жерде жұмыс істеді. Мансабын «Матай» стансасының теміржол депосының оқушысы ретінде бастады. 1936 жылдың қазанынан 1938 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласында Түркістан-Сібір темір жолы 3-темір жол бөлімшесі саяси бөлімінің техникалық хатшысы болған.[1]

Әскердегі қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аға сержант Михаил Калашников 1940 жылдары

1938 жылдың қыркүйегінде Кеңес әскерінің қатарына шақырылды, Киев арнайы әскери округінде қызметін орындады, танк механик-жүргізушілерінің мектебін бітірді.

Мектептегі оқуы кезінде танк қозғалтқышының ресурсын есептейтін құрылғы ойлап шығарады, сол өнертабысы үшін Георгий Жуковтан сыйға сағат алды, және Жуковтың бұйрығымен Калашников Мәскеудегі құрылғының тестілеуін қадағалауға жіберілді. 1941 жылы, 24 маусым күні жасалған құжат бойынша Калашников жасаған есептейтін құрылғысы «оңай құрастырылады, салмағы жеңіл және габариті аз».[1] Калашниковтың құрылғыны оятқыштан жасағаны белгілі.[2]

Ұлы Отан соғысының басталған салысымен аға сержант Калашников 108-танк дивизиясының құрамында танк командирі болды. 1941 жылдың тамызында Брянск маңында қатты жарақат алады.

1941 жылдың тамызынан 1942 жылдың сәуіріне дейін ол қазіргі Липецк облысындағы ауруханада емделген. Сол жерде ол пистолет-пулемёт жасауды ойластырды. Алты ай емделіп, Матай стансасына оралды да, ойлап тапқан қарудың сынақ үлгісін жасады. Алматыға көшкен Мәскеу авиациялық институтында қарудың екінші үлгісі құрастырылды.[1]

1942 жылдың сәуірінде Калашников Кеңес әскері Орталық ұсақ қарулар зерттеу полигонының Бас артиллерия басқармасына жіберіліп, сол жерден әскери қызметін жалғастырды. Келесі айда қарудың үлгісі Самарқанға көшкен Ф.Э.Дзержинский атындағы Артиллерия академиясына жіберілді. Мұғалім және ғалым Анатолий Благонравов Калашников қаруының қабылдануына қарсы шықты, бірақ сонда да аға сержанттың өнертапқыштығын мақтады.

1947 жылы Калашниковтың жаңартылған автоматы түрлі сайыстарда жеңіске жетті және ол 1949 жылы «7.62-мм Калашников автоматының 1947 жылғы үлгісі» атауымен Кеңес әскерінің қолданысына енді.[1]

Кейінгі өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Юджин Стоунер (сол жақта) мен Михаил Калашниковтың (оң жақта) өз автоматтарының көрсетуі

1949 жылдан бастап Михаил Калашников Ұдмұртияның Ижау қаласында тұрып, жұмыс істеді.[1] Техника ғылымдарының докторы (1971)[3] дәрежесіне ие болды және 16 академияның мүшесі болды.[4]

Мансап барысында ол негізгі дизайнды қару-жарақ отбасына айналдырды, мысалы өндірісі жеңіл әрі арзан, алғаш рет 1959 жылы қолданысқа енгізілген AKM (орыс. Автомат Калашникова Модернизированный, Жаңартылған Калашников автоматы) дизайны.

Калашников қарудың бақылаусыз таратылғанына қынжылса да, ол өзінің өнертабыстары мен олардың сенімділігі бойынша беделін мақтан тұтып, оның мылтығы «қорғаныс қаруы» екенін және «шабуыл қаруы емес» екенін баса айтты.[5]

Калашниковтың өзі оны ақшадан гөрі еліне қызмет етуі ынталандыратын деген.[6] Ол Marken Marketing International неміс компаниясының 33%-ына ие болды.[7] Компания арақ,[8] қолшатырлар[7] мен пышақтар сияқты Калашников атауы бар тауарлар сатады.

Михаил Калашниковтың поэт болғысы келгені белгілі. Оған қоса, ол — алты кітаптың авторы.[8]

Атыс галереясы мен атыс тирлеріне жиі барғандығынан Михаил Калашников есту қабілетінің бұзылуына ұшырады, кейін оны заманауи медицина көмегімен де қалпына келтіру мүмкін болмады.[2]

Денсаулығының нашарлауы және өлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Михаил Калашниковтың жерлену рәсімі кезіндегі Ресей президенті Владимир Путин (ортада) және Калашниковтың ұлы Виктор Калашников (оң жақта)

2012 жылы Михаил Калашниковтың денсаулығы үлкен жасына байланысты нашарлай бастады. Калашниковтың көмекшісі Николай Шкляевтың айтуынша, дизайнер 2012 жылдың наурыз айында өзін нашар сезінген, содан кейін ол жұмысын тоқтатқан. Желтоқсан айында ол жоспарлы тексеруден өту үшін Ұдмұртияның республикалық клиникалық-диагностикалық орталығына жатқызылды.[9]

2013 жылдың жазының басына қарай дизайнердің жағдайы қайтадан нашарлады. Арнайы медициналық модульмен және құрал-жабдықтармен жабдықталған Төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 ұшағы Калашниковты Мәскеуге жеткізу үшін Ижау қаласына ұшты. Медициналық тексеруден өту қажеттілігіне байланысты дәрігерлер Михаил Тимофеевичті Мәскеу клиникаларының біріне жіберуге шешім қабылдады. Мәскеуде Михаил Тимофеевичке өкпе эмболиясы диагнозы қойылды.[10] 2013 жылдың қыркүйегінде емдеу және оңалту курсынан өткеннен кейін Ижау қаласына оралды.[11]

Қарашаның ортасында оның денсаулығы қайтадан нашарлап, 17 қарашада Михаил Калашников Ұдмұртияның республикалық клиникалық-диагностикалық орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Желтоқсан айында Ұдмұртияның басшысы Александр Волков Михаил Калашниковқа ота жасалғанын хабарлады. Алайда, ауруханаға жатқызылғаннан кейін бір айдан кейін оның денсаулығы әлі де нашар болды.

2013 жылдың 21 желтоқсанында Михаил Тимофеевич Калашников 95 жасында, Ижау қаласында қайтыс болды.[12][13] Бұдан бұрын ол «асқазаннан қан кету» диагнозымен жансақтау бөліміне ауыстырылған еді.

Калашниковпен "қоштасу" рәсімі 25 және 26 желтоқсанда, жерлеу рәсімі 26 желтоқсанда Ижау қаласындағы Әулие Михаил соборында өтті.[14][15] Ұдмұртия басшысының жарлығымен 2013 жылғы 26 және 27 желтоқсанда республикада Калашниковтың қайтыс болуына байланысты қаралы күн жарияланды.[16]

Михаил Калашников 2013 жылдың 27 желтоқсанында Федералдық әскери мемориалдық зираттың батырлар пантеонында жерленді. Михаил Калашниковпен қоштасуға Ресей президенті Владимир Путин, қорғаныс министрі Сергей Шойгу, президент әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов және басқалар да келді.

Михаил Калашников екі рет үйленген. Тұңғыш әйелі, Екатерина Даниловна Астахова, Алтай өлкесінің тумасы болған және Матай стансасының темір жол депосында Калашниковпен бірге жұмыс істеген.

Екатерина мен Михаилдың отбасында ұлы Виктор (1942–2018) болған. Виктор Калашников кейін атыс қаруының конструкторы, Калашников концернінің жетекші инженері, техника ғылымдарының кандидаты болған.[17]

Калашниковтың екінші әйелі техник-конструктор Екатерина Викторовна Калашникова (Моисеева, 1921—1977) болды.[18] Михаилға күйеуге шығуынан бұрын Екатеринаның бір қызы, Нелли (1942 туған) болған. Михаил мен Екатеринаның екі туған қызы, Елена (1948 туған) мен Наталья (1953–1983) болды.[18] Кенже қызы Наташа 1983 жылдың қарашасында жол-көлік оқиғасы себебінен қайтыс болған.[2]

Қыздары Нелли Мәскеуде, Елена Ижауда тұрады.[2]

Михаил Калашниковтың жүзжылдығына арналған Ресей Орталық банкінің 2 рубль монетасы, 2019

Калашников автоматы Ресей символдарының бірі болып кеткен.[12] Оған қоса, ол бірнеше мемлекеттің туларында бейнеленген: оны Мозамбик, Зимбабве және Шығыс Тимордың туларында табуға болады. Калашников автоматы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында әлемдегі көптеген қақтығыстарда негізгі атыс қаруы болды.[12]

Әлемде жалпы 70 миллионнан астам Калашников автоматтары құрастырылған. Михаил Тимофеевичтің қайтыс болуына қарай оның автоматын әлемнің 50-ден астам елінің қорғаныс күштері қолданады.[13]

Калашников мұражайы 2004 жылы 4 қарашада Ұдмұрт Республикасының Ижау қаласында ашылды. Мұражайда генерал Калашниковтың өмірбаяны жазылған және АК-47 өнертабысы құжатталған. Калашников автоматының мұражай кешені, бірқатар залдар мен мультимедиялық көрмелер АК-47 винтовкасының эволюциясына арналған және ай сайын 10,000 келушілерң бар.[19]

Мексикада АК-47 оқжатарының қисық дизайнына байланысты «Cuerno de Chivo» (сөзбе-сөз «Ешкі мүйізі») деген атпен белгілі. Бұл мексикалық картельдерінің таңдаулы қаруларының бірі. АК-47 кейде мексикалық халық музыкасының мәтіндерінде айтылады.[20]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дмитрий Медведевтің Калашиновты 90-жылдығымен құттықтап, Ресей Батыры Алтын Жұлдызын табыс етуін, 2009 жыл

Төменде берілген марапаттар тізімі толық емес. Конфессиялық, аймақтық және қоғамдық марапаттар, және басқа да марапаттар тізімге енгізілмеген.

Ресей Федерациясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шетелдік марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Премиялары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d e f g Калашников Михаил Тимофеевич  (орыс.). ГЕРОИ СТРАНЫ. Тексерілді, 12 тамыз 2023.
  2. a b c d Калашников. Человек и автомат Wayback Machine мұрағатында
  3. "Работаю по призванию" Wayback Machine мұрағатында
  4. АЛЕКСАНДРОВ, Георгий Михаил Калашников: «Всё нужное - просто»  (орыс.). АРГУМЕНТЫ И фФАКТЫ (10 ноября 2009). Тексерілді, 12 тамыз 2023.
  5. Chivers, C.J. Mikhail Kalashnikov, Creator of AK-47, Dies at 94  (ағыл.). The New York Times (23 December 2013). Тексерілді, 12 тамыз 2023.
  6. Gun inventor, 'happy man' Kalashnikov turns 90 Wayback Machine мұрағатында
  7. a b Михаил Калашников стал совладельцем немецкой фирмы  (орыс.). Коммерсантъ (17 февраля 2003). Тексерілді, 12 тамыз 2023.
  8. a b Chivers, C.J. Kalashnikov 'wanted to be poet'  (ағыл.). BBC News (10 November 2009). Тексерілді, 12 тамыз 2023.
  9. Калашников госпитализирован (обновлено)  (орыс.). КорреспонденТ (25 декабря 2012). Тексерілді, 12 тамыз 2023.
  10. За Калашниковым прислали летающий госпиталь  (орыс.). Үтро.ру (Утро.ру) (25 декабря 2012). Тексерілді, 12 тамыз 2023.
  11. Михаил Калашников вернулся в Ижевск после реабилитации в Подмосковье  (орыс.). Комсомольская правда (9 сентября 2013). Тексерілді, 12 тамыз 2023.
  12. a b c Михаил Калашников қайтыс болды  (қаз.). Азаттық радиосы (23 желтоқсан 2012). Тексерілді, 13 тамыз 2023.
  13. a b c Атқыш қарулардың құрастырушысы Михаил Калашников қайтыс болды  (қаз.). ҚазТАГ (24 желтоқсан 2012). Тексерілді, 13 тамыз 2023.
  14. УДМУРТИЯ ГОТОВИТСЯ К ПРОЩАНИЮ С ЛЕГЕНДАРНЫМ КОНСТРУКТОРОМ МИХАИЛОМ КАЛАШНИКОВЫМ  (орыс.). Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми сайты (25 декабря 2013). Тексерілді, 13 тамыз 2023.
  15. В УДМУРТИИ НАЧАЛСЯ ДВУХДНЕВНЫЙ ТРАУР ПО ЛЕГЕНДАРНОМУ КОНСТРУКТОРУ МИХАИЛУ КАЛАШНИКОВУ  (орыс.). Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми сайты (26 декабря 2013). Тексерілді, 13 тамыз 2023.
  16. В Удмуртии объявлен траур в связи с кончиной Калашникова  (орыс.). интерфакс (26 декабря 2013). Тексерілді, 13 тамыз 2023.
  17. Умер конструктор оружия Виктор Калашников  (орыс.). РИА Новости (28 марта 2018). Тексерілді, 13 тамыз 2023.
  18. a b Биография Михаила Калашникова  (орыс.). РИА Новости (23 декабря 2013). Тексерілді, 13 тамыз 2023.
  19. Chivers, C.J. AK-47 Museum: Homage to the Gun That Won the East  (ағыл.). The New York Times (18 February 2007). Тексерілді, 13 тамыз 2023.
  20. Narcocorridos: The Songs of Mexico's Drug War Wayback Machine мұрағатында
  21. Указ Президента Республики Белоруссии от 24 ноября 1999 года № 688.
  22. Калашников любил Осетию и Осетия любила его - посол РЮО в РФ. Тексерілді, 5 желтоқсан 2022.