Монархомахтар
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Монархомахтар (гр. μόναρχος және гр. μάχομαι - монарх және mache – соғыс, күрес) тирандыққа қарсы күресүшілер — 16 ғасырдың 2-жартысы мен 17 ғасырдың басында Батыс Еуропа мемлекеттеріндегі шексіз билікке қарсы шыққан жазушы – публицистер. Олар халық келісімі бойынша өкіметті монархқа тапсырады және оны орнына түсіруге, тіпті өлтіруге де құқығы бар деп санады. Монархомахтардың бағыты айқын бір тұтас ағым болған жоқ, нақты тарихи жағдайға байланысты әр түрлі әлеуметтік топтың: өсіп келе жатқан буржуазияның (Британия мен Нидерландта), феодал ақ сүйектердің (Францияда) мүддесін қорғады. Олардың халқы еңбекші бұқара емес, буржуазия, дворяндар еді. Тирандыққа қарсы күрес идеясын кальвиншілдер ілгері дамытты.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев