Мысыр күнтізбесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Мысыр күнтізбесі.

Мысыр күнтізбесі - Ежелгі Мысыр (Египет) халқы қолданған.

Аспан денелерінің қозғалыстарына сәйкестендіріліп жасалған ең алғашқы күнтізбелердің бірі, сотистік күнтізбе деп те аталады. Қазіргі күнтізбелердің көпшілігі осы мысыр күнтізбесі негізінде жасалған. Ежелгі Мысырда б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтарда аспан құбылыстарын бақылап жүретін бірен-саран сауатты сопы-абыздар болған. Олар бірталай жұлдыздарды, зодиактың 12 үйірін, 5 үлкен планетаны, т.б. білген. Жылды мысырлықтар әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді мейрам ретінде жыл аяғына қойған. Айлар былай аталған: тот, фаофи, атир, шувак, тиби,мехир, фаменот, фармути,пахон, пайни, эпифи,абика. Бұл атаулар – мысырлықтар табынған пірлердің аттары. Мысырда апта есебі жүргізілмеген, айдағы күндердің 30 түрлі дербес аттары болған. Нақты жылдан мысыр жылының 0,25 күні кем. Осыдан 4 жылда 1 күн, 120 жылда 1 ай, 1460 жылда 1 жыл жиналады. Мысырлықтар 1460 жылдық уақытты сотистік ұлы жыл деп атаған. Ежелгі мысыр күнтізбесі бойынша жыл басы жылжып жүреді, бірде тот айының 1-іне келсе, 148 ж. өткенде ол фаофи айының 7-сіне келеді, т.с.с. Жыл басын тоттың 1-іне келтіріп отыру мақсатымен, ұлты грек Мысыр патшасы Птолемей ІІІ Эвергет б.з.б. 238 ж. 7 наурызда арнайы декрет шығарып, кібісе жыл енгізді, әрбір тетелес келетін 3 жылды 365 күннен, 4- (кібісе) жылды 366 күннен есептеп отыруға әмір етті. Алайда Эвергет өлгеннен кейін оның күнтізбесі Мысырда қолданылмай қалды. Қазіргі Мысырда араб күнтізбесі енгізілген. Мысыр күнтізбесі осы күні Эфиопияда ғана қолданылады. Эфиопияда жыл басы – тоттың 1-і (29 немесе 30 тамыз).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]