Сағат
Сағат — тәуліктiң ағымдағы уақытын анықтайтын және бір тәуліктен кіші уақыт аралықтарының ұзақтығын бірліктермен өлшейтін құрал.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы, т.б. Осылардың бәрі белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады. Күн мен түннің алмасуын, Күн мен Айдың қозғалысын бақылай отырып, адам баласы жылды айларға, айды күндерге, ал күнді бұдан анағұрлым қысқа уақыт бөліктері сағаттарға бөле бастаған.
Бұрын уақытты күннің көмегімен анықтаған. Мұндай сағат – күн сағаты деп аталады. Сағат тілінің орнына таяқша пайдаланады. Таяқшаны айнала шеңбер сызылады. Шеңберді 12 сағатқа бөледі. Бірақ мұндай сағаттар бұлтты күндері немесе түнде уақыт көрсете алмайды. Сондықтан да адамдар уақыт анықтаудың басқа жолдарын қарастыра бастаған. Сөйтіп су сағаты ойлап табылған.
Топтастырылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өлшемі мен ыңғайлылығына қарай:
- қалта сағаттары;
- қол сағаттар;
- күйме сағаттары;
- үстелге қоятын сағаттар;
- қабырға сағаттары;
- жерде тұратын сағаттар;
- мұнаралы сағаттар.
Өлшеу механизмдері бойынша:
- күн сағаттары;
- жалынды сағаттар;
- құмсағаттар;
- сағаттар су перiлерi;
- механикалық сағаттар;
- камертон сағаттары;
- кварц сағаттары;
- электрондық сағаттар;
- астрономиялық сағаттар;
- атом сағаттары.
Су сағаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Су сағаттары немесе клепсидра. Негізгі механизмі құм сағаттар тәрізді[1]. Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшылап құйылып тұратын. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары көтеріліп немесе төмен түсіп, уақыттың дәл мезгілін білдірген. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсете беретін - тек суын еселеп отыруды ұмытпасаң, болғаны. Ал құм сағаты болса, осы заманға дейін пайдаланылып келеді.
Құм сағат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұнда құм екі шыны сауыттан олардың тұтасқан тар мойыны арқылы бір-біріне алма-кезек сыздықтап, сусып ағып тұрады. Физиотерапиялық емшараларды мөлшерлеуде жиі қолданылады.
Механикалық сағаттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Механикалық сағаттар жөніндегі алғашқы деректі ғалымдар ежелгі византиялық қолжазба нұсқалардан тапты. Бұл кезең 578 жылмен тұспа-тұс келеді.
Алғашқы мехникалық сағаттардың тек бір ғана - сағаттық тілі болған. Сағатты майлаған кезде майдың қоюлануы, механизмнің кірлеуі серіппелердің босаңсуы салдарынан сағаттың жүріс дәлдігі төмендейді, сол себепті механикалық сағаттарда (2-3 жылда бір рет) тазалап, майлап отыру керек.
1404 жылы Мәскеуде Кремльде тұңғыш мұнара сағаты орнатылады. Көп кешікпей мұнара сағаттары басқа да көптеген қалаларда пайда болды.
Шамамен, мұнан жүз жылдан кейін Еуропада алғашқы қалта сағаттары пайда бола бастады.
Маятникті сағаттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Голландиялық ғалым Х. Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты. Маятник (ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша) бірқалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады. Уақытты сақтауға арналған маятниктің артықшылығы - бұл гармоникалық осциллятор: Ол ұзындыққа байланысты нақты уақыт аралығында алға-артқа бұрылады және басқа жылдамдықтарда тербеліске қарсы тұрады. Маятникті сағаттар жұмыс істеу үшін стационар болуы керек. Кез келген қозғалыс немесе үдеулер маятниктің қозғалысына әсер етеді, дәлсіздіктер туғызады, сондықтан портативті сағатта қолданудың басқа механизмдері қажет болады.
Бұған қоса, сағаттың барлығында да энергия көзі болып табылатын ең қажетті бөлшек болуға тиіс. Ол - салма тас, не болат серіппе, немесе электр батареясы.
Қазіргі заман сағаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Соңғы бірнеше жылдарға дейін барлық сағатқа тән маңызды тетіктер - сағаттық, минуттық, секундтық уақыт бірліктерін көрсететін тілдері болып келеді. Ал бүгінгі таңда мұның басқа да түрлері кең тарай бастады, яғни, уақытты көрсететін тілі мен сандық межелері жоқ сағаттар шықты.
Мұның орнына бетіндегі әйнекшелерден сағаттық, минуттық, секундтық, белгілерді санмен, санмен көрсетіп тұратын кішкене сағаттар дүниеге келді. Ал, кейбір сағаттар, сонымен бірге, жылдың айы мен күнін, аптаның қай күнін де көрсете алады.
Кварц сағаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі заманғы ғылым мен техника сағаттан механикалық маятниктің мүмкіндігі жетпейтін анағұрлым жоғары дәлдікті талап ете бастады. Осыған орай енді кварц сағаты жасалды. Мұнда "маятниктің"қызметін электр тогының әсерімен тербеліске келетін кварц пластинкасы атқарады. Кварц "маятникті" сағаттар отыз жыл ішінде бір секундқа ғана қателесуі мүмкін. Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін "маятниктер" іздеу барысында ғылым өте күрделі тербеліс қимылдарын жүзеге асыратын молекулалар мен атомдарға назар аударды. Қазіргі кезде уақытты ең дәл көрсететін де осы атомдық және молекулалық сағаттар.тКварцтық сағат айына 40 секундқа дейін қателессе, механикалық сағат тәулік сайын 4-6 секундқа қалып кетеді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|
- ↑ Су, құм және от сағаттар таймен ретінде қолданыла алмайды