Мұса пайғамбар
Мұса ﵇ | |
араб.: موسى | |
Туған күні |
Б. з. д. XV ғасыр |
---|---|
Туған жері |
Ежелгі Мысыр |
Қайтыс болған күні |
Б. з. д. XIV ғасыр |
Қайтыс болған жері |
Синай шөлі |
Қызметі |
Пайғамбар |
Әкесі |
Имран |
Анасы |
Юхабед |
Жұбайы |
Саффура |
Мұса пайғамбар ( Грекше: Mωϋσῆς, Арабша: موسىٰ ) — Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деген:
«(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Мұса (Ғ.С.) ны есіңе ал. Рас ол, ықыласты әрі жіберілген пайғамбар еді» (19:51).
Перғауынның билік еткен уақыты Имранның ұлы Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дәуіріне сәйкес келеді. Мұса деген есім екі сөзден тұрады. «Мұ» - су және «са» - ағаш, демек, «Мұса» сөзі жалпы алғанда, мынадай мағынаны білдіреді: «су мен ағаштың арасында келген».
Хадиске сай, бір күні Перғауын түс көреді, түсінде Иерусалимнен келген от бүкіл Мысырды жалмайды, сол өртте күллі иман келтірмеген кәпірлер жанып кетеді. Ал Исраил ұрпақтарына (еврейлер) ештеңе болмайды. Ұйқысынан тұра сала, Перғауын түс жорығыштарға жүгінеді. Сонда олар оған:
«Исраил ұлдарының ішінде жуырда бір ұл дүниеге келеді, ал сенің өмірің сол ұлдың қолында болады» дейді.
Осыдан кейін Перғауын Исраил тұқымынан болған жаңа туған ұлдардың бәрінің көзін құртуды талап етеді.
Бір деректерде, тоқсан мыңнан артық бала өлтірілгені айтылған. Сонда Перғауынға Мысырдың танымал адамдары келіп, бір жылы балалар өлтірілсе, келесі жылы балалардың өлтірілмеуін сұрайды. «Әйтпесе бірде-бір бала қалмайды», - деп өтінеді.
Перғауынның бұйрығы бойынша, сол жылы балалар өлтірілмейді. Сол жылы Харун хазірет дүниеге келеді. Ал Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) балдардың өлтірілетін жылы туады. Ұлы туа салғанда Перғауынның адамдарынан қорыққан Мұсаның ата-анасы оны отқа тастайды. Алайда от пайғамбар болар балаға еш тиіспейді. Шарасыздықтан анасы ұлын сандыққа салып, Ніл өзеніне ағызып жібереді. Ішінде нәрестесі бар сандық өзенге ағып кете барады. Өзен арнасының бірі Перғауын сарайының маңынан ағатын, ағыс сандықты тура сол жерге алып келеді. Ал сандықты Перғауынның әйелі тауып алады. Ол сәбиді сандықтан шығарып алып, өзімен алып кетеді әрі баланы өте жақсы көріп қалады. Перғауын ұлды қатты өлтіргісі келсе де, әйелінің өтінішіне қарсы келе алмай, бұл ниетінен бас тартады. Оған қоса, Перғауынның өз кіндігінен бала болмаған.
Содан баланы емізетін әйелдерді шақырады. Алайда, бала ешкімнің омырауын ембей қояды. Сол арада сандықтың артынан жүріп отырған ұлдың апасы бұл сәбиге ең жақсы бала емізетін әйел тауып беретіндігін айтады. Осылайша, Мұса өзінің туған анасымен қауышады...
Ибраһимдік діндердің айтуынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ислам
мақалалар тізбегінің бөлігі |
Елшілер мен пайғамбарлар |
Адам ﵇ • Ыдырыс ﵇ |
Ибраһимдік діндер бойынша, Мұса Имранның ұлы. Жақып Пайғамбардың немересі - Лауиден тарайды. Мысыр перғауыны (патшасы) Уалид ибну Мусхап заманында дүниеге келген. Риуаятта Перғауын жаман түс көреді. «Баитл Мухаддас жақтан шыққан өрт Мысырға жетіп, Мысырдың күллі ғимараттарын, жергілікті қыбтиларды (халықты) өртеп, күл қылып тастапты дейді. Бірақ, бәни Исраил аман қалыпты».
Перғауын бақсы, балгер, сиқыршы, жұлдызшыларды жинап түс жорытады. «Бәни Исраилден дүниеге бір ұл келеді екен, - депті жорушы. - Мысырың да, тағың да соның қолынан күл-талқан болады екен. Өзіңді еліңмен бірге мекеніңнен қуып шығып, дініңді өзгертеді екен. Ол ұл сенің тірі кезіңде туады екен». Перғауын Исраилден туған ұлды түгел өлтіруге әмір етеді. Исраил ішіне бақылаушы қояды. Бала көтеретін аналардың бәрі өмірден бас тарта алмайды. Қыздар тірі қалып жатады. Жазалаушылар екі қабат әйелдерді қинап, түсік тастатады.
Үлкендер өліп,жастар қосылмай, елде еркек құрып бара жатады. Қыбтидың ақсақалдары перғауынға келіп, «Әулет құруға айналды. Ауыр жұмыс қарттарға қалды. Тіршілікті кім жалғастырады», - деп арыз айтады. Перғауын енді ұлдарды жыл аралатып өлтіруге жарлық шығарады. Осылайша, ұлдарды өлтірмейтін бір жылы Мұса туады. Жасырын көтеріп, туған ана Перғауыннан қорқып, бөбегін мақтаға орап салып, сандықты бекітеді де Ніл дариясына ағызып қоя береді. Мұсаның әпкесі сандыққа еріп, Нілді жағалай береді.
Сандық ағып, Перғауын сарайының тұсына жеткенде оны су алуға келген күңдер көреді де іші толған қазына екен деп, аузын ашпастан Перғауыннын әйелі Әсияға алып келеді. Сандық ішінен ақ сазандай ұл шығады. Құдірет Әсияның мейірімін ұлға аударып, емірентіп жібереді.
Перғауын жендеттерге: «Ұлды өлтіріңдер», - деп әмір етеді. Әсия ара түседі. Сөйтіп, бала тірі қалады. Әсия енді оны емізетін «сүт ана» іздетеді. Кімді әкелсе де бала шырылдап, оның емшегін аузына алмайды. Әсия сүт ананы енді өзі іздеп шығады. Мұны сырттай бақылап тұрған Мұсаның әпкесі қасына келеді де «Мен бір сенімді сүт ананы білуші едім», - дейді.
«Шақыр», - дейді Әсия, - «егер бала оның емшегін емсе, сый-сияпатқа бөлеймін». Ол - Мұсаның өз анасы еді. Бала еміреніп емеді, ана мейірленіп емізеді. Әсия қуанады. Сарайда тұрып, баланы бағуға бұйырады. Сүт ана Сарайда тұруды қолайсыз көріп, үйінде асырауды өтінеді. Тек, күнде әкеліп көрсетіп тұру шартымен баланы үйге береді. Емшектен шыққан соң Мұса Перғауын үйінде ер жетеді. Есейе келе Перғауынның Исраилге істеген зұлымдығынан түңіледі, әрі біреуге болысамын деп, оқыстан адам өлтіріп алады да Мысырдан қашып, Медиян қаласына кетіп қалады. Медиянда Шұғайып Пайғамбарға жалданып қой бағады. Жақсы жалпыға Пайғамбар қызының біреуін қосады. 10 жылдан соң қожасынан рұқсат сұрап, әйелі екеуі Мысырға қайтады. Жолда адасады, шаршап-шалдығады. Әбден дағдарған сәтте Тұр тауы жақтан жылтылдап от көрінеді. Мұса соған жақындағанда «Ей, Мұса, мен Алламын, Менен басқа құдірет жоқ. Маған ғибадат қыл» - деген дауыс естіледі. Бұл - Мұсаға Пайғамбарлық әкелген үн еді. Алла Тағала Мұсаны Перғауынға барып, оны Құдайға құлшылыққа шақыруға міндеттейді.
Мұса өзіне жәрдемші етіп, туысқаны һарунды қосып беруді, оған да иман дарытуды өтінеді. Өйткені Мұсадан гөрі һарун сөзге шешен, әрі тапқыр еді. Ол тілекті қабылдайды және дәл осы жерде екі түрлі муғжиза береді. Бірі - тастай салса, айдаһар болып шыға келетін таяғы (ол Мұсаның қой баққан, күн көрген таяғы болатын). Екіншісі - қолдарынан шашырайтын нұр еді. Перғауын Мұса Пайғамбардың насихатын тыңдамады. Оның мұғжижасын «сиқырлық» деп санады, өз сиқыршылары мен бәсекелестірді. Сиқыршылары Мұсаның мұғжизасын мойындап тәубе етті. Перғауын олардың қол-аяқтарын кесіп, креске байлап жазалады. Сиқыршылар сонда да бетінен қайтпай, Алланы мойындап көз жұмды.
Зұлымдығы барған сайын асқынған Перғауын қауымына жаза ретінде Алла Тағала су апатын, шегіртке, бит, бақа апаттарын жіберіп, ескерту жасады. Перғауын апат келгенде Аллаға сыйынатын, имандыларға соқтықпайтын болып, апат өткен соң ұмытып кететінді шығарды. Мұса оны түзей алмайтын, Пайғамбарға ол да маза бермейтін болған соң Мұсаға Исраил қауымын алып, Мысырдан шығып кетуге әмір етті. Балаларды қоспағанда, Мұса (а.с.) 600 адамды алып, түн ішінде Мысырдан шығып кетті. Перғауын қаптаған қолмен (1 миллион 600 мың деседі) соңына түсіп, таң ата Қызыл теңіз жағасында қуып жетеді. Алда - су, артта - жау. Қауым қысылған тұста Алла «Таяқпен теңізді ұр» дейді. Таяқпен ұрғанда теңіз қақ бөлініп, тоқтай қалады. Исраилдер өтіп кетеді де Перғауындарды теңіз қайта басып қалады. Жан алқымға келгенде перғауын баяғыдай тағы да «Мұсаның, Исраил қауымының Алласына иман келтірдім», - деп жалынады. «Алламен алысып-алысып, жан алқымға келгендегі тәубең қабылданбайды», - деп періште оны суға батырып жібереді.
Мұса Пайғамбар Баитл Мұхаддаска кіріп, ондағы Қайсанилер қалдығы Жабабилерді қуып тастамақ болады. Бірақ, Исраилдер қорқақтық жасап, соғыс ашудан бас тартады. Осы кербақандығы үшін Аллаһ Тағала оларды шөлге шығарып, 40 жыл бойы қаңғыртып жібереді. Баитл Мухаддасқа исраилдер 40 жылдан сол қайта оралады. Мұса Пайғамбар жүз жастан асып, Синада қайтыс болады. Оның есімі Құранда 136 жерде кездеседі.[1]
Қарсы пікір
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Моисей (Муса) Еврей, Араб дініндегі әйгілі пайғамбар ретінде аты жиі айтылғанымен, оның өмірде болғанына қарсы пікірлер де бар. Олардың негізгі ойжелісі былай:
Моисей (Мозес,Моше) мүлдем өмірде болмаған. Моисей көне Мысыр құдайлары аты Ра- Мосес,Тут-Мосес, (Рамзес ,Тутмос)секілді құдай атарын еншілеген. Еврейлерде мұндай ат жоқ. Басқы екі әріпті алып тастаған. Сондай-ақ сол Мұсаның құтқару оқиғасы кезеңінде яхудейлер (еврей ) Мысырда болмаған дейді Египет зертеушілері.
Ежелгі Египеттегі жазба деректер мен археологиялық олжаларында Мұса туралы ешқандай ақпарат жоқ, мұны египтологтар растаған.
Көне Библия кітабында көне Мысыр сөздері кездеседі, оны Мысыр зереушілері дәлелдеген. Егер Библия Элохимнан түссе, онда мысыр сөзіне мұқтаж болды ма деген сұрақ туады. Ислам діні бойынша да Құранның алдынғы Тораға (Таурат ) сенуің керек, сенбесең күнәхар боласын.
Моисей Мысыр жерінен қуылғанда Синай жазығы, тауы және құм даласы арқылы көшкен, құм далада қырық жыл тұрған деп келеді, дін кітаптарда. Кей деректерде еврейлер ол кезде шамамен 500-600 мың адам деп келеді. Ғалымдар, археологтар, тарихшылар, дін зертеушілері мұны мүмкін емес, өйткені қандайда бір із қалу керек еді дейді.
Тағы Моесей туылған кезінде суға ағызып жіберілген делінде, оны Перғаун қызы бағып алады. Бұл аңыз Шумер-Аккад патшасы Сарагонда болған оқиғаны қайталайды. Шумер қаласы Урден(Урук) қуылған осы оқиғаны еврей діндарлары көшіріп алған болуы мүмкін дейді, зертеушілер.
Сарагон (Шаррукин) Шумер-Аккад патшасы, б.з.д 2316–2261 жж. аралығында Аккад әулетінің негізін қалаушы.
Саргонның оқиғалары клинопись (сына) жазуларында сақталған,оның шыққан жері кейінгі шығыс семиттік аймақ. Сарагон туралы Шумер тілінде жазылған сына жазбасы Лондондағы Британ мұражайында сақталған, Саргонның дүниеге келуі және Киш патшасы Ур-Забабамен болған жанжалы айтылады. Ескі Вавилон кезеңі Париж Лувр мұражайларында сақталған. Саргоның жеңімпаз стеласын көптеген зерттеушілер осы патшаның портреттік бейнесі ретінде таныған.
Аңыз бойынша, Саргон кедей, жұпыны көшпелі тумасы болып, анасы құпия түрде баланы дүниеге әкеліп, оны қамыс жәшікке салып, эфрат өзеніне ағызып жіберген. Өзен жағасында корзинканы қамыс ұстап қалып, Шумер патшасының әйелі тауып алып асырап алған.
Ирактың (көне қаласы) Ниневиден шыққан Саргон маскасы ең танымал образ. Оны Британ мұражайының Ниневидегі Иштар ғибадатханасындағы экспедициясы қазба жұмыстар кезінде ашқан. Ол шамамен Б.з.д. 23 - 22 ғасырларға жатады. Саргонның маскасы деген атауды артефактті ашқан британдық археологтар берген. Артефакт Бағдад музейінде сақталуда, бірақ АҚШ шабуылынан кейін Иракта көп артефактілер ұрланғаны мәлім.
Енді осы айтылғандарды тәпсірлейтін болсақ, Библиядағы және Ислам дініндегі Мұса өмірі жай аңыз болуы мүмкін. Ол бәлкім Мұса заманынан әлдеқайда бұрын өмір сүрген Саргон оқиғасының қайталануы болуы мүмкін. Деректер бойынша Мұса шамамен 3600-3800 жыл бұрын өмір сүрген. Ал Сарагон оқиғасы 4500-4700 жыл бұрын болған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1