Сарықалуен
Сарықалуен | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
кәдімгі сарықалуен
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
200 түрі белгілі |
Сарықалуен, тікенқурай (лат. Cirsium) – астралылар тұқымдасына жататын тікен жапырақты екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен солт. жартышарда кездесетін 200-ден аса түрі бар. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Далалық жерлердегі шалғындарда, таулардың тасты беткейлерінде, өзендер мен сортаңды көлдердің жағалауларында, жол жиегінде және егістік арасында өсетін 19 түрі бар. Олардың биікт. 30 — 150 см аралығында, өте тереңге (4 — 6 м) кететін тарамданған тамыры болады. Жапырақ тақталарының жиектері ұзын тікенекті, олар тік өсетін сабағына кезектесе орналасады. Ұсақ, қос жынысты гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Гүлінде тостағанша жапырақшалары болмайды, олар түрін өзгертіп гүлдің түбінде үлпек айдаршаға айналған. Үлпек айдаршасының көмегімен жемістері желмен алысқа таралады. Себетгүлі тек түтікшелі гүлден құралады. Сыртынан жасыл орама жапырақтар қаптайды, олар гүл жарғанша күлтені жауып тұрады. Күлтесі ақшыл күлгін, қызыл, сарғыш түсті. Аталығы 5, тозаңқаптары өзара бітісіп кеткен. Аналығы — біреу, аузы қос тілімді, жатыны бір ұялы. Сарықалуендер тамыры арқылы немесе вегетативті түрде көбейеді. Мамыр айынан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — қақырамайтын тұқымша. Өте көп тұқым береді, тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Сарықалуендердің көпшілік түрі — бал беретін өсімдіктер, араларында сәндік үшін өсірілетін түрлері де кездеседі. Кейбіреулері егістік арамшөптері. [1][2][3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том
- ↑ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |