Сельма Лагерлёф
Сельма Лагерлёф (1858 жыл 20 қараша - 1940 жыл 16 наурыз) - швед жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты. Швед академиясының мүшесі (1914).
Өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1885 жылы мұғалімдер семинариясын бітірген. Оның «Йест Берлинг туралы сага» (1891), «Антихристің кереметтері» (1897) романдары мен балаларға арналған «Нильс Хольгерссонның Швецияға жасаған ғажайып саяхаты» (1906-1907) кітабында патриархалдық құрылыс романтикалық рухта дәріптеліп жазылған. Лагерлефтің соғысқа қарсы жазған «Левеншельдтер жүзігі» (1925), «Шарлотта Левеншельд» (1925), «Анна Сверд» (1928) атты трилогиясында қиялшыл пастор әшкереленеді де, сергек әрі іскер шаруа қыз оған қарсы суреттеледі. 1920-1930 жылдары ол фашизмге, халықаралық соғыс қаупіне қарсы шықты.[1]
Өзінің алтын нобель медалін Лагерлёф Кеңес Одағымен соғысқа түскен Финляндияға көмек беретін қорға тарту етті. Неміс еврей жазушысы Нелли Закс және оның шешесіне виза жасауға көмектесті.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том
|