Сұлтан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сұлтандар, Чингизидтер әулетінің соңғысы. Суретші: Дмитрий Лёвочкин, Urban Art Astana 2018

Сұлтан (араб.: سلطان‎ – «билік», «құдіреттілік») — тәуелсіз ақсүйек билеушінің атағы. Құранда Сұлтан сөзі өзінің бастапқы «билік», «құдіреттілік» мағынасында және басқа хадистерде және көркем әдебиеттерде «саяси билік», соның ішінде халифа билігі мәнінде қолданылды.

Сонымен қатар X ғ-да билеушілерді «ұлы мәртебелі» мағынасындағы «Сұлтан» деп атай бастады. Тек Салжұқтар тұсында ғана Сұлтан мәлікпен немесе әмірмен салыстырғанда ең жоғары атаққа айналды. Бұл орайда оны Иран шаһиншаһының атағымен салыстыруға да болады.

ІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы фикиһтер Сұлтанды мемлекеттік билік лауазымы деп түсінді. Шамамен жарты ғасыр өткенде әл-Ғазали оны діни басшыға, имамға (халифке) қарама-қарсы бағыттағы ақсүйек басшысы деп жорамалдады. Мұның ақыры кейде ақсүйектік және діни биліктің арасын толық ажырату қажеттігі туралы шешімдер қабылдауға дейін апарды. Сұлтан жоғары атағын халиф қана бере алады деп есептелгенімен оны төмен дәрежедегі билеушілер де иеленіп жүрді. Сондай-ақ, ұлы сопылық шейхтарды да Сұлтандар деп атады.

XVI ғасырдан бастап Османдар өз өкіметінің қол астына мұсылман әлемінің бүкіл батыс бөлігін біріктірген кезде, Еуропаның және Азия мен Африканың едәуір бөлігі үшін Сұлтан атағы ең әуелі соларға байланысты айтылды. Сұлтан Қауым басшысы ретіндегі сүнниттер үшін саяси билік пен діни басшылығы қатар атқарушы тұлға.

Қазақтарда сұлтан деп төре тұқымдыларды атаған, яғни ханның балалары, бауырлары және т.б. Шыңғысх ан ұрпақтары.

Иранда Сұлтан атағын соңғы рет қабылдаған адам Каджар Ахмет I (1909) болды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1