Тадеуш Костюшко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
А́нджей Таде́уш Бонавенту́ра Костю́шко
пол. Andrzej Tadeusz Bonawentura Kościuszko
белар. Андрэй Тадэвуш Банавентура Касцюшка
лит. Tadas Kosciuška
суреті
Тадеуш Костюшко. Швайкарт жұмысы.
Туған күні

4 ақпан 1746 (1746-02-04)

Туған жері

Меречевщина, Речь Посполитая (қазіргі - Беларусь)

Қайтыс болған күні

15 қазан 1817 (1817-10-15) (71 жас)

Қайтыс болған жері

Золотурн, Швейцария

Мемлекет

Речь Посполитая
 АҚШ

Қызмет еткен жылдары

1765 - 1794

Атағы

Дивизия генералы (Речь Посполитая
Бригада генералы (АҚШ)

Әскери бөлімі

Құрлықтық армия
Речь Посполитая әскері

Шайқасы

АҚШ тәуілсіздігі үшін соғыс
Орыс-поляқ соғысы (1792)
Поляк көтерілісі (1794)

Марапаттары

Қолтаңбасы

А́нджей Таде́уш Бонавенту́ра Костю́шко немесе Косцюшко (поляк тілінде  Andrzej Tadeusz Bonawentura Kościuszko, беларус тілінде Андрэй Тадэвуш Банавентура Касцюшка, литва тілінде Tadas Kosciuška; 4 ақпан 1746, Меречевщина, Литва Ұлы князьдығы (қазір Ивацевич ауданы, Брестс облысы, Беларусь) — 15 қазан 1817, Золотурн, Швейцария) — Речь Посполитая мен АҚШ-тың әскери және саяси қайраткері, АҚШ тәуелсіздігі үшін болған соғысқа қатысушы, 1794 жылы болған поляк көтерілісінің жетекшісі, Польшаның, АҚШ-тың, Литваның және Беларуссияның халық батыры, Францияның құрметті азаматы. 

Костюшко 1746 жылы ақпан айында Литваның Ұлы князьдығында (Речь Посполитаяның құрамына кіреді) қазіргі Беларуссияның жерінде туған, оның нақты қай күні туғаны белгісіз.  20 жасында ол  Варшавадағы кадет корпусын аяқтады. Барская конфедерациясының қатысуымен өткен азаматтық соғыстың басталғанына бір жыл болғанда, 1768 жылы  Костюшко оқуын жалғастыру мақсатында Францияғаға көшіп кетті.  Ол Речь Посполитаяға  1774 жылы тұңғыш рет оның жерін бөлгеннен соң 2 жылдан кейін келді және шонжар Сосновскийдің  қожалығына тәрбиеші қызметіне тұрды. Ол өзінің жұмыс берушісінің қызымен қашуға бел байлайды. Алайда бұл ой сәтсіз аяқталып, қайта Францияға оралады. 1776 жылы Костюшко Солтүстік Америкаға көшіп кетеді, ол сол жерде Континентальді армияның полковнигі атағын алып, АҚШ тәуелсіздігі үшін соғысты. Әскери инженер ретінде ол бекініс салды және оның құрылысына жетекшілік етті. Сонымен қатар Нью-Йорк қаласында орналасқан Вест-Пойнт жоғары федералды әскери оқу орнындағы қорғанды да Костюшко салды. 1783 жылы оның еңбегін ескеріп, Континентальді конгресс оны бригада генералы етіп тағайындады. 

Өз Отанына Костюшко 1784 жылы оралды. 1789 жылы генерал-майор болған Костюшко Речь Посполитая әскеріне қосылды. Речь Посполитая жері екінші рет бөлінгенде, 1794 жылы наурыз айында, ол көтеріліс ұйымдастырды және өзі оны басқарды. 1794 жылдың қазан айында  Мацеёвиц түбіндегі ұрыста ресей әскерлері бұларды ойсырата жеңді, ал Костюшконың өзі тұтқынға түсті.  1796 жылы,  ресей императоры ІIIЕкатеринаның өлімінен кейін, оның мұрагері ІІ Павелдің рахымшылдығымен Костюшко босатылды, бірақ АҚШ-қа қоныс аударылды.  Еуропаға оралғаннан кейін, өмірінің соңына дейін, 1817 жылға дейін,  Швейцарияда тұрды.

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тадеуш Костюшко 1746 жылы ақпанда Меречевщина фольваркінде (Польшадағы помещик шаруашылығында) Коссово мекенінде (қазіргі Ивацев ауданы Брест облысы, Беларусь; ол кезде Литовский Ұлы князьдығы,Речь Посполитая құрамында болған),[1]. Оның нақты қай күні туғаны белгісіз; көп деректерге қарағанда 4 немесе 12 ақпан болуы мүмкін [2][3]. Оның екі әпкесі Анна мен Екатерина және ағасы Юзеф болды.

Комментарии

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Примечания

[өңдеу | қайнарын өңдеу]