Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Темір жол стансасы – темір жол көлігі аялдайтын, темір жол көлігіне және жолаушыларға түрлі қызметтер: жүктерді қабылдайтын, жүк тиеу-түсіру, сақтау және жеткізу жұмыстары жүргізілетін, локомотивтер мен вагондар құрастырылатын, тағы басқа техникалық қызмет көрсетілетін, тасымал үдерісін басқаратын кәсіпорын. Ол жұмыс сипатына қарай тораптық, аралық, бөліктік, сұрыптау, жүк және жолаушыларға арналған темір жол стансасына, атқарылатын жұмыстың көлемі мен сипатына қарай жоғары және 1 – 5 сыныпты темір жол стансасынана бөлінеді. Қазақстандағы ірі темір жол стансалары – Арыс, Шымкент, Тараз, Шу, Алматы-1, Семей, Защита, Петропавл тағы басқа.