Түйсік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сезімдік процесс:
Сигнал → Жинақтау → Трансдукция → Өңдеу → Әрекет

Түйсік (ағылш. Sense) – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі.[1] Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.

Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.

Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:

  1. берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
  2. белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
  3. дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;
  4. алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.

Фрейдизм мектебі үшін түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. Зигмунд Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті. Яғни түйсіктің 1, 2, 3 мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі Уильям Мак-Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында түйсік ұғымы 1, 2 және 4 орталық теориялық тұжырымдама ретінде қолданылды. Барлық мінез-құлық мақсатты бағытталған және мотивацияланған түйсік деп қарастырылды. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белгілейміз; сипай сезіну арқылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозғап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі — сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге түйсік хабарлайды. Түйсік материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсік біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады.

Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиял[[]]ға материал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар — сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізден сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипай сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлер) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс (немесе кинестетикалық) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.[2]

Түйсiктердiң физиологиялық негiзi

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түйсiк дүние хақындағы бiздiң барша бiлiмдерiмiздiң бастау көзi. Сезiм мүшелерiне əсер етушi объектив заттар мен құбылыстар тiтiркендiргiштер деп аталады да, ал олардың əсерiнен сезiм мүшелерiнде туындайтын құбылыс тiтiркену деп қабылданған. Тiтiркенуден, өз кезегiнде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсiк жүйке жүйесiнiң қандай да тiтiркендiргiшке жауапты реакциясы ретiнде туындап, əрқандай психикалық құбылыс секiлдi рефлекторлық сипатқа ие.

Түйсiктiң физиологиялық механизмi арнайы жүйке тетiгi талдағыш (анализатор) қызметi. Əр талдағыш үш бөлiктен тұрады:

  1. сыртқы энергияны жүйке процесiне қосушы дененiң шеткi бөлiктерiнде жайласқан рецепторлар;
  2. қозуды орталық жүйке бөлiгiне жеткiзушi афференттiк немесе сезiмтал жүйкелер;
  3. шеткi бөлiктен жеткен жүйке импульстарын өңдеушi талдағыштың ми қабығындағы бөлiктерi. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендерi болады. Түйсiк пайда болуы үшiн барша талдағыштардың тұтастай, бiрлiктi қызметi қажет. Сонымен бiрге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тiтiркендiргiштердiң əсерiне орай икемдi өзгерiске келе беретiн мүше,мұндай өзгерiстерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетiктерге де ие. Мысалы, терi қабатына инемен əсер етiлсе, ол жер дiрiл қағатыны байқалады, осындай тiтiркендiргiштерден тамыр тартылуы, терi жиырылуы, ал кей кездерi көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары жəне т.б. бəрi де түйсiк реакцияларына байланысты туындайтыны белгiлi.

Сонымен, түйсiктер тiптi де енжар процесс емес, олардың белсендiлiгi ерекше. Бұл процестердiң бəрiнiң де белсендiлiк сипаты түйсiктердiң өзiнше жауап əрекетке келу (рефлекторлық) қасиетiнен туындап отыр.[3]

Түйсік түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелденақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А.Р.Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелiгенетикалық (қызметiне орай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты.

Түйсiктердiң ең iрi жəне маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған:

  1. Интероцептiк,
  2. Проприоцептiк,
  3. Экстероцептiк.
Интероцептік түйсік

Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты, яғни iшек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулердi миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгiлерден əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсiктердiң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңiлкүй (эмоциональ) қалпына жақындау келедi.

Проприоцептік түйсік

Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк (афференттiк) негiзiн құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi (перифериялық) рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында берiлген (тельца Паччини). Осы жүйкелiк тəндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсiктердi бейнелейдi. Аталған топқа, сонымен бiрге, ерекше қасиеттерге ие теңдестiк жəне тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың (внутреннее ухо) шеңберлi сайларында жайласқан.

Экстероцептiк түйсік

Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз байланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық (дистантные) жəне түйiсу (контактные) түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.

Экстероцептік түйсiктер тобы
  1. Түйiсу түйсiктерi əсерлердiң дене бетiне немесе сезу мүшелерiне тiкелей жанасуынан iске қосылады. Мұндай түйсiктердiң мысалы ретiнде терi сезуi мен дəм сезуiн келтiруге болады.
  2. Аралық түйсiктерi тiтiркендiргiштердiң сезiмтал мүшелерге бiршама қашықтықтан əсер етуiнен туындайды. Бұл топқа жататындар: иiс сезу, есiту жəне көру түйсiктерi.

Генетикалық жіктеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Генетикалық жiктеуге байланысты түйсiктердi екi топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық өте қарапайым, шарпулы (аффекттi), толық жiктелiп, мекенделмеген органикалық сезiмдер (ашығу, шөлдеу жəне т.б.); 2) эпикритикалық жоғарғы дəрежеде жiктеуге келетiн, себепсалдарлы жəне рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негiзгi сезiм мүшелерiнде пайда болатын түйсiктер.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
  3. Жантану негіздері // Алматы, 2006
  4. Жантану негіздері // Алматы, 2006