Флавоноидтар
Флавоноидтар (лат. flavus — сары, осы заттардың көбірек кездесетін түсі) — өсімдіктектес полифенолдардың ірі тобы.
Химиялық тұрғыдан бұларға екі фенилдік сақина мен бір гетероциклдік сақинадан тұратын қаңқада өзара байланысқан 15 көміртегі атомы бар заттар жатады.
Жіктелуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Флавоноидтарды келесідей жіктеуге болады:
- флавонның туындылары
- флаванондар
- изофлавоноидтар
- неофлавоноидтар
-
Флавон
-
Изофлавон
-
4-Фенилкумарин
-
Аурон
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1936 жылы венгр ғалымы Альберт Сент-Дьерди қызыл бұрыштан алынған қосылыстың қан капиллярларына жақсы әсер ететінін жорамалдап, оны P дәрумені деп атауға ұсынды. Бұл атау XX ғасырдың ортасында кең қолданылды, бірақ кейінгі жылдары осы және солтектес қосылыстардың дәрумендерге жатпайтыны анықталды да,[1] оларды флаваноидтар немесе биофлаваноидтар деп атайтын болды.
Табиғатта таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Флавоноидтардың өсімдіктер метаболизміндегі маңызы өте зор, сондықтан олар өсімдіктердің көбінде бар. Көп жағдайда олар гүлдердің және жемістердің түсін қалыптастырады (сары, қызғылт сары, қызыл, күлгін).
Келесі тағамдарда флавоноидтар көп мөлшерде кездеседі: ақжелкен, жуа, шай, жидектер, банандар, цитрустар, қызыл шарап, қарақұмық, какао. Көбінесе бұл кверцетин, кемпферол, мирицетин, апигенин, лютеолин болады.
-
Ақжелкен
-
Жасыл шай
-
Жидектер
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Vitamins and Hormones — Academic Press, 1949.
|