Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Флогопит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ФЛОГОПИТ (грек. phlogopos — от түсті, оттай) — силикаттар класы, слюдалар тобына жататын минерал. Химbz формуласы: KMg3[Sі3AlO10](OH,F)2, қоспалары: Na, Mn, . Моноклиндік сингонияда кристалданады, агрегаттары жапырақ тәрізді әрі тығыз қабыршақты болып келеді. Түсі сарғылт, кірпіштей қызыл, қоңыр, шыныдай жылтыр, жымдастығы жақсы жетілген, электр тогын өткізбейді, қатт. Моос шкаласы бойынша 2 — 3, тығыздs 2,7 — 2,85 г/см3. Ф. жапсарлай метаморфтанған немесе метасоматтануға ұшыраған мәрмәр тастарда жиі кездеседі.[1] Ол жоғары температура мен қысым әсерінен өте негізді сілтілі тау жыныстары мен карбонатиттерде, магнезиалды кристалдық тақтатастардың, доломиттердің, мергелдердің граниттік интрузия әсеріне ұшыраған белдемдерінде кен орындарын түзеді. Экзогендік жағдайда Флогопит гидратацияға ұшырап, вермикулитке айналады. Флогопиттің жоғары сапалы кристалдары радиотехника, электротехника, электрондық аспаптардың бөлшектерін, слюдитті қағаз, конденсаторлар, т.б. жасауда қолданылады. Флогопит калий-аргондық, рубидий-стронцийлік әдістермен тау жыныстарының абс. жасын анықтауда пайдаланады. [2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

Пайдаланған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2