Фриулдар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Фриулдар, фурландар — ұлт. Италияда тұрады. Жалпы саны 709 мың адам (2003). Ретроман тіліндегі фриул диалектісінде және итальян тілінде сөйлейді. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Фриулдар этногенезінде Фриули тарихи аймағын мекендеген эвганеялар, оларды жаулап алған (біздің заманымыздың бірінші мыңжылдықтың басы) венеттер, осында шапқыншылық жасаған (біздің заманымыздың 4 ғасыр) галл тайпасы карндар елеулі рөл атқарған. Б.з.б. 1 ғасырда бұл аймаққа римдіктердің билігі орнықты. Оның тұрғындарының романдануы 4 — 5 ғасырларда аяқталып, Фриулдар этносы қалыптаса бастады. 5 — 6 ғасырларда Фриулдар аумағын вестготтар, ғұндар, остготтар бағындырады. Фриулдар этнонимі Форум Юлии қаланың атына байланысты қалыптасқан. 11 — 14 ғасырларда екінші этникалық атау “фурлан” орныға бастады. Кейінгі орта ғасырлардан бастап итальян мәдениетінің ықпалына түсті. 1866 ж. Фриулдар жері Италия корольдігінің құрамына өтеді. Фриулдардың дәстүрлі шаруашылықегіншілік (бидай, жүгері, көкөніс, жүзім, т.б. дәнді дақылдар өсіреді); таулы және жазық аймақтарда мал (негізінен сиыр) бағады. Дәстүрлі Альпі және венециандық үйлерге ұқсас тастан қаланған, ас үйдің мұржасы үлкен әрі биік етіп жасалуымен ерекшеленеді. 19 ғасырға дейін киген ұлттық киімдері жергілікті италиялықтарға ұқсас болды. Ерлер — көйлек, күртеше, қысқа шалбар; әйелдер — көйлек, кеудеше, юбка, алжапқыш киген. Ұлттық тағамдарында көкөніс басым. Бидайдан полента (қазір жүгеріден жасайды) дайындаған. Рухани мәдениеті италиялықтарға өте жақын. Дәстүрлі билері, ертегілері мен тақпақтары (виллотта) сақталған.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ Энциклопедиясы, 9 том