Челябі облысы
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Челябі облысы | |||||
орыс. Челябинская область | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Кіреді | |||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Губернаторы | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Ірі қалалары | |||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ · орын · жан басына |
1 473,7 млрд ₽ (2018) | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
3 418 606 адам (2022)(10 орын) | ||||
Тығыздығы |
38,62 адам/км² | ||||
Ұлттық құрамы | |||||
Конфессионалдық құрамы | |||||
Телефон коды |
351 | ||||
Челябі облысы (орыс. Челя́бинская о́бласть, башқ. Силәбе өлкәһе) — Ресей Федерациясындағы әкімшілік субъект. Орал федералды округінің құрамына кіреді. Әкімшілік орталығы — Челябі қаласы. Облыс 1934 жылдың 17 қаңтарында құрылған. Солтүстігінде Свердловск облысымен, шығысында Қорған облысымен, оңтүстігінде Орынбор облысымен, батысында Башқұртстанмен, оңтүстік-шығысында Қазақстанның Қостанай облысымен шектеседі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ортағасырларда башқұрт тайпалары Оңтүстік Орал жерлерін мекендеген; олар Алтын Орданың, Ноғай Ордасы мен басқа майда мемлекет пен ұйымдарға кіретін. Орыс патшалығы (орыс. Русское царство) (Орыс царьлігі) сол жерді 16 ғасырдың екінші жартысында жаулайды. Алайда жердің колонизациясы кейінірек, 18 ғасырда басталады, бекіністердің құрылуы басталады. Челябі облысының көптеген ескі қалалары, соның ішінде орталығы Челябі, осы бекіністерден бастау алған.
1743 жылы Челябі бекінісі Орынбор Губерниясының құрамындағы Исет провинциясының орталығы болып кетеді. 1750 жж мен 1770 жж аралығында Оңтүстік Оралдың индустрияландыруы басталады; осы жылдары Миасс, Кыштым мен Златоуст сияқты тұңғыш зауыт-қалалар құрылады. Пугачев бастаған шаруалар соғысынан кейін Ресейдің Еуропа жағындағы тұрғындары қазіргі Челябі облысына қоныс аударуды бастады. 19 ғасырдың ортасында Челябі өзінің географиялық орналасуына байланысты маңызды сауда орталығына айналады. 1890 жылдары Сібір темір жолының құрылғанынан кейін ол Сібір мен қалған Ресей Империясын байланыстыру рөлін атқаратын болды.
1919 жылы Челябі РКСФР-дің жаңа құрылған Челябі губерниясының орталығы болып кетеді. Губернияның жеріне таратылған Орынбор губерниясы мен Тобол губерниясының Қорған қаласы кіретін болды. Сол уақытта жаңа әкімшілік бірліктің тұрғындар саны бір миллионнан асты. 1923 жылы ол Пермь, Тобол мен Екатеринбург губернияларымен бірігіп, он ғана жыл күн көрген Орал Облысын құрайды. 1934 жылдың 17 қаңтарында Челябі облысы жасалды. Оның құрамынан 1943 жылы Қорған облысы шыққанда Челябі облысының қазіргі шекаралары пайда болған.
Кеңес заманындағы индустриялануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1930 жылдары бірінші бесжылдық жоспар әсерінен Челябі облысының экономикалық және индустриялық дамуы басталады. Осы жылдары пайда болған Челябі облысының компания мен ғимараттарының қазіргі күнде де маңызы бар. Соның ішінде Магнитогорск металлургия комбинатын, Челябі трактор зауыты мен Челябі металлургия зауытын атап кетуге болады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуынан КСРО зауыт-фабрикаларын дамытуды бастайды. Көптеген өндіріс компаниялар Орал таулары маңына көшуге мәжбүр болады. Челябі облысының соғыстағы үлесі аз емес. Магнитогорск қаласының өзі КСРО болатының үштен біреуін өңдеген және Челябі қаласы КСРО-ның танк жасау орталығы болып кетіп, "Танкоград" (орысшадан Танк қаласы) лақап атына ие болады.
Жақындағы тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1997 жылы 4 шілдеде Челябі, Брянск, Вологда, Магадан мен Саратов облыстары Ресей үкіметімен келісімге түсіп, автономияға ие болады. Бұл келісім 2002 жылы 2 ақпанда жойылды.
2013 жылы 15 ақпан күні Челябі облысының жеріне массасы 10,000 тонна метеорит сағат 03:20 UTC-да құлайды. Шамамен 1,500 адам, соның ішінде 311 бала, жарақат алып, 112 ауруханаға жатқызылды. Жарақаттың көбісі соққының әсерінен пайда болған күштің себебінен болды. Жарылыстың күшінің әсерінен шамамен 3,000 ғимарат жойылды.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Регионның ең басты компанияларының ішінде Магнитогорск металлургия комбинатын, Челябі металлургия зауыты, Челябі труба жасау зауыты, Челябі Электрометаллургия зауыты, Ашинский металлургия зауыты мен Челябі цинк зауыты бар.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Челябі облысының 1,406 метрге жететін ең биік нүктесі Нургуш (башқ. Нөргөш) жотасында орналасқан. Нөргөш жотасының ұзындығы 50 метр және бастауын Жүреккөл (орыс. Зюраткуль; башқ. Йөрәккүл) көлінің маңайында алады.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |