Электрдоғасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Электрдоғасы (орыс. электрическая дуга) — екі электрод аралығында ауа арқылы электр тоғының тұрақты өтуі нөтижесіне қалыптасқан жалындау. 1802 ж. проф. В.В. Петров (Санкт-Петербург) ашқан. Ол қуатты гальваникалық элементпен нәрлендіріп, екі көміртекті электрод аралығында ауа арқылы электр тоғының тиянақты өтуін, нотижесінде жоғары температуралы жалындау қалыптасқанын ашқан. Жалынның сырт пішіні доғаша иіліп келген. Осыған орай В.В.Петров бұл жаңа физикалық құбылысты "электр доғасы" деп атапты және осылай аталу техникалық ұғым ретінде қалыптасқан.

  • Жанама әсерлі электрдоғасы (Электрическая дуга косвенного действия) — доға екі электрод аралығында жалындатылады, ал пісірілетін бұйым электр желісіне қосылмаған, алайда доға жылуы мен пісіру темпетурасына дейін қыздырылады.
  • Тікелей әсерлі электрдоғасы (Электрическая дуга прямого действия) — аралығында доға жалындайтын екі электродтың біреуі пісірілетін металл болып келген электр желісінде қалыптасқан доға, Тікелей әсерлі электрдоғасы деп аталады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6