Эпикур

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эпикур

Эпикур
Жалпы мағлұмат
Туған күні

б.з.д.341

Туған жері

Самос, Ежелгі Грекия

Қайтыс болған күні

б.з.д.270

Қайтыс болған жері

Афина, Ежелгі Грекия

Шығармашылығы
Шығармалардың тілі

Көне грек тілі

Мектеп/дәстүр

Эпикуреизм

Бағыты

Атомизм, Материализм, Гедонизм,

Негізгі пікірі

Ізгілік дегеніміз шаттық. Қозғалыстағы шаттық және тыныштықтағы шаттық (κατὰ κίνησιν ἡδοναί, καταστηματικαὶ ἡδοναί)[1]

Ықпал еткендер

Демокрит, Аристипп

Ықпалды жалғастырушылар

Кейінгі көптеген философтар


Эпикур (көне грекше: Ἐπίκουρος, б.з.д.341б.з.д.270) — ежелгі грек философы, Афина қаласында эпикуреизм философиясының негізін қалаушы ("Эпикур бағы" деп те аталады). Эпикур Аристипптің (Aristippus) Гедонизм (рахатқұмарлық) идеясын жетілдіріп, оны Демокриттің атом теориясымен бірлестірді. Оның философиясының негізгі ұстанымы ешбір шектеу мен мазалауға ұшырамайтын жан тыныштығы күйіне жету болып табылады.

Ғұмырбаяны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эпикур б.з.д.341 жылы Самос аралында туған. Әке-шешесі Афиналық болып, 18 жасында Афина қаласына оралады. Сосын ол Кіші азияға барып, онда Демокрит философиясының ықпалына ұшырайды. Б.з.д.307 жылы ол Афина қаласында мектеп ашқан және өмірінің соңына дейін сонда болған.[1] Аңыздар бойынша аталған мектеп Эпикурдың үйі мен бағында болған, сыртқы өмірден бөлініп оқшау қалған, сондықан оны "Бақ философы" деп те атайды. Оның ауласында мынадай жазу жазылған делінеді:

« ''Бейтаныс, сен мұнда рахат өмір кешіре аласің. Ал, шаттық барлық ізгіліктің негізі есептеледі »

.

Философиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Эпикур бюсті. Пергамон мұражайы, Берлин

Эпикур мектебі Сократ және Платон мектебіне ұқсамайды. Өйткені Эпикуршылдар жауапкершілік пен қоғамдық істерден саналы бас тартуды көбірек дәріптейді. Эпикурдың айтуынша, ең жоғарғы ізгілік ол шаттық, қуанышы жоқ жердің ізгілігі де жоқ. Шаттық денелік және рухани шаттық деп бөлінеді. Эпикур белсенді шаттық пен тыныштықтағы шаттықты ажырата білді және тыныштықтағы шаттықты жоғары бағалап, "қанағаттану ішіндегі мастана рахатқа бату" деп түсіндірді.[2]

Сондай-ақ, Эпикурдің дәріптеуінше, біз бір істі, не әрекетті жағымды, рахатты сезінген кезімізде, содан туатын қосымша салдары мен зардабына да көңіл бөлуге тиіспіз. Уақыттық рахатқа берілумен бірге, тіпті де зор, тіпті де баянды, тіпті де күшті рахатқа қол жеткізу мүмкіндігін қарастыруға тиіспіз. Оның айтуынша, дене рахатының көбі бізге мәжбүрленіп таңылған нәрсе, ал рухани рахатты біз басқара аламыз. Сондықтан, достасу, өнерден ләззат алу дегендер тіпті де маңызды деп есептеді. Бірақ, біз өз нәпсімізді тізгіндей білсек, тіпті қиналған кезімізде де жан тыныштығына жетуге мүмкіндік болады..

Эпикур Демокриттың атом теориясын жақтады, бірақ ол атомдар қозғалысы жаратылыс заңдарына бағынады деп есептеді. Эпикур дінді терістеді, Құдай ең жоғарғы заң бекітуші емес деп есептеді, сондықтан сөзсіздік заңдарына бағына беруді қаламай, қажеттілікті көзге ілмеуді дәріптеді.[3]

Эпикур парадоксі (Epicurean Paradox) өте әйгілі болды. Сондай-ақ ол Демокриттің "рух та атомнан құралады" деген тәлімін жақтап, адам өлген соң рух атомы денеден бөлініп кетіп, жан-жаққа таралып кетеді, сондықтан өлген соң өмір болмайды деп есептеді. Ол былай деді:

« ''Ажалдың бізге қатысы шамалы. Өйткені, біз тірі тұрғанда ажал әлі келген жоқ, ал ажал келгенде біз жоқпыз! »

Эпикурдың ойынша, адамның ажалдан үрейленуі ақылға симайды. Өйткені адамның ажал туралы түсінігі ажал туралы ештеңе білмеумен шектеледі.

Эпикур ілімі Аристотель секілді ғылыми, логикалық дәстүр қалыптастырған жоқ. Бірақ, оның еркін ойлау ұстанымы мен соқырсенімге қарсы саналы тәжірибесі Рим империясының алғашқы гүлденген, күшейген кезіндегі жоғары жік элитасының, тіпті императорларының ұстанымы болды. Дегенмен, қазір Эпикуризм деген сөз көбінесе рахатқұмар адамдарды суреттеуге көбірек қолданылады.

Бір айта кетерлігі, Карл Маркстің докторлық диссертациясының тақырыбы: "Демокрит пен Эпикурдың табиғат философиясындағы айырмашылықтар" деп аталады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Diogenes Laërtius, The Lives and Opinions of Eminent Philosophers, X:136.
  2. Jones Daniel Cambridge English Pronouncing Dictionary. 17th edition. — Cambridge UP, 2006.
  3. Apollodorus of Athens (reported by Diogenes Laertius, Lives of Eminent Philosophers, 10.14–15) gives his birth on the fourth day of the month February in the third year of the 109th Olympiad, in the archonship of Sosigenes
  4. http://www.marxists.org/archive/marx/works/1841/dr-theses/index.htm