Location via proxy:   [ UP ]  
[Report a bug]   [Manage cookies]                
Мазмұнға өту

Қытай қорғаны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қытай қорғаны*
UNESCO World Heritage Site

Қытай қорғаны
State Party Қытай
Type Мәдениеттік
Criteria i, ii, iii, iv, vi
Reference 438
Region** Asia-Pacific
Inscription history
Inscription 1987  (11-ші Session)
* Name as inscribed on World Heritage List.
** Region as classified by UNESCO.

Қытай қорғаны (дәст. қыт.: 長城; жеңіл. қыт.: 长城; пінин: Chángchéng, мағынасы "ұзын қала қорғаны") (дәст. қыт.: 萬里長城; жеңіл. қыт.: 万里长城; пінин: Wànlǐ Chángchéng; дәлме-дәлді «10 000 ли ұзынды қорған (里)¹») — Қытайдың Миң әулеті (13681644) тұсында салынған қорғаныстық ұзын құрылыс.

Қытай Қорғанының шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысы Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 км артық. VII ғ-дан ХVII ғ-ға дейінгі 1000 жылда, шамамен 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған.

Қытай қорғаны Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунхулар сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады.

Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті.

Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды.

Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті.

Ерекшелігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 километрге жетті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірінде жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 – 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған. Осы тәсілмен бір сағаттың ішінде 500 километр алыс жерге әскери дабыл беріп, қауіп-қатерді хабарлай алған.

Екі жарым мың жылдқ тарихы бар Қытай қорғаны адамзат сәулет өнері тарихындағы ғажайыптардың бірі. Ол Қытай тарихында белгілі дәрежеде әскери қорғаныстық және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды. Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар, түркілер, қидандар, моңғолдар мен [[шүршіттер (маньчжурлер) қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін әскери, саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді, әуелі олар Қытай жерінде Вэй (таб-ғаш), Ляо (қидан), Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген ғасыр биледі.

1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды.

Ал 1987 жылы ол адамзаттық мәдени құндылық ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.

Бейжің, Хыбый, Шанши, Гансу сияқты жерлердегі қорғанның орташа биіктігі 7—8 м, қорған үстінің кеңдігі 4—5 м. Қорған үстінде бақылау және атқылау қарауылы бар. Қорғанды бойлай, белгілі аралыққа белгі отын жағатын тұғыр орнатылған. Жау нышаны байқала қалса, күндіз түтін салып, түнде от жағып бір-біріне әскери белгі беретін болған. Осыған негізделіп Қытай қорғанның жәй қорған емес, өткел аузы, әскерлер тұрағы, от жағатын тұғыр түгел қамтылған әскери қорғаныс жүйесі екендігі мәлім.

Бұл қорғанды көбінесе ұсақ кірпіштерді жинап, тас қалап жасаған, кей тұсында топырақты шыңдап дуал түйген.

Ең ертедегісі 656 ЗБ ж. немесе одан көп бұрын салынған. Бұл Қытай тарихында Чұнчиу шидай деген кезеңіне тура келеді. Қытайдың орта және терістік бөлігінде көптеген ұсақ мемлекеттер болған, соның ішіндегі Чу мемлекеті жаудан қорғану үшін осы қорғанды салған. Әне содан бастап әр қайсы мемлекет қорған салып, қорғаныс орнатқан. Жасаған қорғандарының бірнеше жүз км ұзындығынан 1,­2 мың км дейін жеткен.

221 ЗБ ж. Чин әулеті патшасы — Чин Шыхуаң Қытайды бірлікке келтіреді. Солтүстіктегі көшпенді ғұндар оңтүстікке жасаған шапқыншылығын бөгеу үшін, патша солтүстікте салынған ішінара қорғандарды бір-біріне тұтастыру бұйрығын түсіреді. Ол тұстағы қорғанның жалпы ұзындығы 5000 км жеткен әрі сол тұстан бастап «Ұлы Қорған» деп атала бастаған.

Хан әулеті (206 ЗБ220) тұсында, қытайлар мен ғұндар арасында үнемі соғыс болып тұрады да, Хан патшалығы Қытай қорғанын батысқа қарай соза түсіп, жалпы ұзындығын мөлшермен 10 мың км жеткізеді. Бұл ханзулар тарихындағы ең ұзын қорған есептелінеді. Хан патшалығының бұлай істеуі, жаңа ашылған «Жібек Жолын» қорғау үшін де еді.


Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Great Wall of China