Әмір ибн әл-Ас мешіті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мешітке кіретін есік

Әмір ибн әл-Ас мешіті (араб.: جامع عمرو بن العاص‎) б.з. 642 жылдың басында Мысырдың негізі жаңадан қаланған астанасы Фустаттың орталығы ретінде салынған.

Әмір ибн әл-Ас-Мысырда, яғни Африка құрлығында бой көтерген алғашқы мешіт. Мешіт жаулаушы әскербасы, баһадүр Әмір ибн әл-Астың шатыры турған жерде орналасқан. Мешіттің бір бұрышында Әмірдің ұлы Абдуллаһтың қабірі жатыр. Бастапқы кезде мешіттің ұзындығы - 29 метр, ені 17 метр, бағаналары жарылған пальма діңдерінең тастардан және саз кірпіштен қаланған, ал шатыры ағаш және пальма жапырақтарымен жабылған күрке тәріздес аласа ғимарат болған.

Мешіт тек құлшылық қылатын орын ғана емес, сонымен бірге діни және азаматтық мәселелер талқыланатын алаң болып табылады. Мешіттің бастапқы қурылысы тым қарапайым еді: қабырғалары жалаң, ешқандай ою-өрнектермен безендірілмеген және минарет немесе жерге төселетін төсеніш те жоқ болатын. Мешіттің ескі бөлігін тек оңтустік қабырғаның бойынан ғана әлі де болса көруге болады. Мешітте мұсылмандар дұға қылғанда жүздерін қарататын құбыла қабырғасына параллель салынған жеті жаңа дәліз бар.

Мешіттің құрылысын әрі қарай дамытқан Аббасидтердің халифы әл-Мамун болды. Ол оңтүстік-батыс жағына жаңа бөлік қосып, мешіттің өлшемін 120x112 метрге дейін жеткізді. Қабырғалары мен төбесі безендірілді және төрт бұрышына «муэдзинге» (яғни азан шақырушылар) арналған бөлме мен минарет қосылды, ал мешіттің еденіне сабаннан жасалған кілемшелер төселді. Мешіттің бағаналары пальма діңінен, тастардан және саз кірпіштерден жасалды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.