Кальцит
Кальцит– карбонаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaCO3, құрамында аздаған Mg, Fe, Mn, Zn, Cо, Sr, Ba қоспалары болады. Тригональдық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары ромбоэдр, скаленоэдр, қалақ пішінді масса құрап, тығыз және түйірлі, талшық, топырақ тәрізді масса және сталактит, сталагмит түрінде кездеседі. Қаттылығы 3, меншікті салмағы 2,8 г/см3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш; түссіз, ақ және қоспаларына байланысты түсі өзгереді. Кальциттің Исландия шпаты , мәрмәр ониксі, атлас шпаты деген түрлері бар. Кальций гидротермальдық, метасоматикалық, жанартаулық тау жыныстарының қуыстары мен жарықтарында, карбонатиттерде, ультранегізді жыныстардың үгілу қыртысында, әктас, бор, мергель, мәрмәр құрамында кездеседі. Ол флотация әдісімен байытылады. Кальций құрылыста, металлургияда, химия өнеркәсібінде, электртехникада, т.б. салаларда қолданылады. Мәрмәр ониксі әшекейлік бұйымдар жасауда, ақаусыз мөлдір Исландия шпатының кристалдары оптикалық приборларда қолданылады.[1]
Кальциттену
[өңдеу | қайнарын өңдеу]тау жынысытар құрамындағы кейбір минералдардың әр түрлі қосалқы процестер әсерінен кальцитпен алмасуы немесе тау жынысытағы ұралар мен жарыктардың жаңадан қалыптасқан кальцит минералымен дәнекерленуі.[2][3]
Кальцитті сыртқы белгілерімен қатар оған HC1 тамызып ажыратады, сонда онан СО2 газы «қайнап» шығады. Жаратылысы. Қальцит бірнеше түрлі геологиялық жағдайларда пайда болады.
- Кальцит магмалық жыныстар арасында өте сирек кездеседі.
- Гидротермалық кальцит едәуір көп тараған. Ол минерал желілерінің кейінгі кристалдану кездерінде пайда болады.
- Кальцит экзогендік жағдайларда: а) салқын су ерітінділерінде, б) теңіз шөгінділерінде, в) метаморфизм жағдайында көп кездеседі.
- Қолданылуы. Кальциттің мөлдір кристалды (исланд шпаты)
түрлері оптикада, құлпырма «ақтана» түрлері зергерлік-көркемдік істерде, мрамор скульптура ісінде, электротехникада т. б., бор жазуға, бояуға, құрылысқа, ізбестастар түрлі құрылыс ісінде, металлургияда, химиялық өндірістерде қолданылады.
- Кендері. Кальцит Кеңес Одағында Орта Азияда (Заревшан-Гиссар аудандарында), Уралда, Белгород ауданында, Қырымда, Кавказда т. б. кездеседі.
Шет елдерде ол Исландияда, Италияда (Каррара кені), Грекияда т. б. бар.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том
- ↑ Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69