Мохаве шөлі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мохаве шөлі[1] - АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Калифорния штатының оңтүстігіндегі шөл; Шөлде Солтүстік Америка құрамындағы ең ыстық жер – ‘‘Ажал аңғары’’ орналасқан. Ауданы - 30 мың км². Шөлдегі төбесі сүйірленіп біткен төбелер (биіктігі 3366 м-ге дейін) іші құммен толған қазаншұңқырлармен алмасып отырады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 45 – 150 мм, кей жылдары мүлде жаумайды (Солтүстік Американың “құрғақ полюсі”). Құрғақшылыққа бейімделген ағаш тәрізді кактус, алоэ, сүттіген, опунция, юкка сияқты ылғалды бойына жинайтын өсімдіктер – суккуленттер көп таралған. Шөл өсімдігі мен жануарларын қорғау мақсатында ‘‘Джошуа-Три’’, ‘‘Ажал Аңғары’’ қорықтары құрылған. Мохаведе Барстоу қаласы орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ энциклопедиясы
  1. Қазақстан энциклопедиясы, VI-том