Отбасы
Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құндылықтары, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Отбасы құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау, отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ерлі-зайыптылар арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Сол себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасының тәрбиелік қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттануынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоциональдық қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, жынысы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.
Сексуалды-эротикалық қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сексуалды-эротикалық қызметі – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.
Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіруі).[1]
Отбасы құндылықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп, бір-бірімен ортақ тіл таба алады, бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі отбасылық құндылықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.
Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады. [2]
Отбасы түрлері және оның ұйымдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балалардың санына байланысты:
- баласыз / инфертильді отбасы;
- бір балалы отбасы;
- кішкентай отбасы;
- орташа балалы отбасы;
- көпбалалы отбасы.
Құрамына байланысты:
- қарапайым немесе ядролық отбасы-балалары бар немесе балалары жоқ ата-аналар (ата-ана) ұсынған бір ұрпақтан тұрады. Қазіргі қоғамдағы ядролық отбасы ең көп таралды. Ол болуы мүмкін:
- бастауыш-үш мүшеден тұратын отбасы: күйеуі, әйелі және баласы. Мұндай отбасы өз кезегінде болуы мүмкін:
- толық-екі ата-ана да, кем дегенде бір бала да бар
- толық емес-балалары бар бір ғана ата-анадан тұратын отбасы немесе балалары жоқ ата-анадан тұратын отбасы
- құрама-бірнеше бала тәрбиелеп отырған толық ядролық отбасы. Бірнеше бала бар күрделі ядролық отбасын бірнеше қарапайым адамдардың конъюнктурасы ретінде қарастырған жөн
- күрделі отбасы-көп ұрпақты отбасы. Оған ата-әжелер, бауырлар мен олардың әйелдері, әпкелері мен күйеулері, жиендері мен жиендері кіруі мүмкін.
- бір жынысты отбасы-бір жыныстағы екі адам (екі ер немесе екі әйел) құрған отбасы (балалары бар).
Отбасы мүшелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әке — Белгілі бір баланың еркек жынысындағы ата-анасы. Әке отбасыда маңызды рөл ойнайды. Себебі әке — отбасының тіреуі болып табылады. Кейбір елдерде әке «әке» деген атқа ие болу үшін үйленуі тиіс. Бірақ басқа елдерде мұндай заң жоқ. Мысалы, АҚШтың 16 % жалғыз-әкелер екен.
Ана — отбасыдағы ең басты адам. Ана — отбасы бағушысы деген атқа ие болған. Ананы көптеген әдебиеттерде қолданады. «Жұмақтың кілті ана табанының астында» деп бекер айтпаған.
Бала — ата-ананың перзенті. Ата-ана үшін бала әрқашан қымбат.
Ата — баланың ата-анасының әкелері. Ата немере үшін қымбат. Себебі әрбір бала ата тәрбиесін көрген.
Әже — баланың ата-анасының анасы. Әже немере үшін өте қымбат. Ол туралы жазушылар көптеген кітаптар жазған. Мысалы, Бердібек Соқпақбаевтың «әжесінің баласы» деген кітабы бар. Кітап сюжетіне сенсек, өткен ғасыр балалалары әже айтқан ертегісіз ұйықтамайтын болған.
- Туысқандар — белгілі бір баламен ДНҚ-сы сәйкес келетін адам.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- ↑ Семья и семейные ценности. 9linesmag. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2014- 02-18. Тексерілді, 18 ақпан 2014.