Этна

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Этна (Etna, грек. Αίτνα — лаулаймын) – Еуропадағы ең биік әрекетті жанартау, Италияның Сицилия аралында. Биікт. 3340 м. Салыстырмалы биіктігінің 400 м-лік сүйір конусы бар. Жанартау беткейлерінде 200 м-ден астам бүйірлік кратерлер, көп мөлшерде базальтты және андезитті лавалар қалыптасқан. Осы уақытқа дейін 130 рет атқылағаны белгілі. 1669 ж. ең күшті атқылауда лавалық ағын Катания қ-на жеткен. 800 – 900 м-ге дейін егістік, бау-бақша, жүзімдік алып жатыр, одан жоғарыда жерортатеңіздік бұталар мен орман ағаштары өседі. Туризм дамыған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>


  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том