Қылша
Қылша | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Қылша(лат. Ephedra)[1] — қылшалар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұтақтар, биік ағаштар.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 2 — 7 см-ден 1 — 8 м-ге дейін жетеді.
- Сабағы бунақты. Бұтақтары қырлы - қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді.
- Жапырағы қабыршақ не жіп пішінді.
- Гүлі қос үйлі, бір үйлісі сирек. Аталық масақшасы шоқтанған гүл серігінен тұрады. Аналығы 1 — 3 бүрлі. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі.
- Жемісі — сары, қызыл түсті, етті шырынды жидек.
Өсетін жері мен таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрғақ климатты жерлерде: Солтүстік жарты шардың басым бөлігінде - Оңтүстік Еуропада, Солтүстік Африкада, Азияның оңтүстік-батысы мен орталығында, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібір жазығының далалы жерлерінде және Оңтүстік жарты шарда, Оңтүстік Америкада таралған. Қазақстанда қылшаның Балқаш-Алакөл ойысында, Қаратау сілемдерінде, Жетісу (Жоңғар), Теріскей, Іле Алатауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездесетін 7 түрі бар.
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрамында С дәрумені бар, жеуге жарамды.
Қылшадан дәрілік зат — эфедрин, алкалоидтар алынады, өсімдік бойында илік заттар (пиракатехин, флобафен, т.б.) бар. Қылшаның бір түрі (E. lamatolepіs) эндемик болып саналады. Дәрілік өсімдіктер қатарына масақты қылша (Кузмич шөбі — Ephedra dіstachye), қырықбуынды қылша (E. equіsetіnc), қызыл тамырлы қылша (Ephedra іntermedіa) түрлері жатады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
- ↑ Қазақстан энциклопедиясы