Motorola
Motorola Inc. (NYSE: MSI MMI, MSI) – телекоммуникация саласында және электронды жүйеде әлемдік көшбасшылардың бірі болған Америка компаниясы[1].
2010 жылы Fortune (АҚШ-тың 500 ірі компаниясы) тізімінде 110-орынды иеленген.
Штаб-пәтері Чикагоға жақын Иллионйс штатындағы Шаумбургте орналасқан. 2011 жылы компания дербес түрде екіге бөлінген, олар: Motorola Solutions және Motorola Mobility (процесс 2011 жылы 4 қаңтарда аяқталған). Motorola Inc. корпорациясының акционерлері бірінші және екінші компанияның акцияларын да алған. Motorola Inc. корпорациясының негізгі меншігі және белсендісі ретінде Motorola Solutions компаниясы танылған.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1928 жылы Motorola компаниясы ағайынды Пол және Джозеф Галвиндер негізін салған отбасылық Galvin Manufacturing компаниясы ретінде өз жұмысын бастаған. Жұмысқа бастапқыда небәрі 5 ғана адам қабылданған. Еңбекақы алғашқы аптада 63 долларды құраған болатын.
1947 жылы Galvin Manufacturing Corporation корпорациясы өз атауын әйгілі сауда маркасы болған Motorola деп өзгертті.
1956 жылы Motorola тек соған арналған хабарламаларды ғана ала алатын өзінің алғашқы пейджер-радиоқабылдағышын шығарған. Алғашқы пейджерлерді аурухана қызметкерлері мен менеджерлер қолданған. Кейіннен пейджерлер әрдайым байланыста болғысы келген адамдар арасында сұраныс тапқан.
Motorola – қазіргі мобилды байланыс жүйесінің негізін салушылардың бірі. Алғашқы ықшам әрі қолайлы ұялы телефон – Motorola DynaTAC 8000X 1983 жылы 6 наурызда шығарылған. Су жаңа телефонның салмағы 800-дей грамм, көлемі 33 х 4,4 х 8,9 см болған. 8 сағатқа жететін аккумуляторы бар телефон 3995 долларға бағаланған.
2000 жылдан бастап Motorola Inc. корпорациясы бірнеше қайта құрудан кейін шығындала бастайды. 2000 жылдың ортасында компанияның негізгі мәселелері мобилды телефон өндірісі бойынша бөлімшемен байланысты болды.
2004 жылы Motorola Semiconductor–дың жартылай өткізгіш құралдарын өндіру және құрастыру секторы дербес компанияға бөлінеді. Кейіннен Freescale Semiconductor деген атауға ие болған. 2006 жылы Freescale Semiconductor компаниясы Blackstone Group LP компаниясын басқарған концорциум тарапынан сатылып алынды. Соның арқасында технологиялық компанияның ірі жеке сатылымы болып, әлемдегі үздік келісімдердің ондығына кіреді.
2010 жылы шілдеде Nokia Siemens Networks Motorola Inc.корпорациясымен келісімге отырады.
2011 жылы корпорация Motorola Solutions және Motorola Mobility деген екі компанияға бөлінеді.
Атаудың шығуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Компания атауы өзінің алғашқы өнімі – автомобилды радиоқабылдағыш шығарған кезде пайда болған. Motorola: ағылш. motor – транспорттық жабдық, -ola жалғауы сол кездегі әйгілі үй қабылдағышы – Victrola сөзінің жалғауынан алған.
Құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Motorola компаниясының негізі 3 бөлімшесі бар
• Кәсіпорындарға арналған мобилды шешім (Enterprise Mobility Solutions) • Үйге және желілік операторларға арналған мобилды шешім (Home & Networks Mobility) • Мобилды құрылғылар (Mobile Devices)
Қайырымдылық істері
Америка кәсіпкерлік институтын қамтамасыз ететін компаниялардың бірі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%BE%D0%BA_%D0%BC%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B9_%D1%81%D0%BE%D1%82%D0%BE%D0%B2%D1%8B%D1%85_%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%84%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%B2_Motorola Мұрағатталған 17 қарашаның 2011 жылы.
|