Манипури (халық)
Манипури | |
মেইতেই | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,5 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Үндістан |
1,261,000 |
Бангладеш |
15,000 |
Мьянма |
25,000 |
Тілдері | |
Діні | |
көпшілігі индуизм; қалғандары христиандық, анимизм, мұсылман |
Манипури (мейтхеи) — Үндістандағы Манипур штатының негізгі халқы.[1] Жалпы саны 1,5 миллион адам (2001, санағы бойынша). Сондай-ақ Бангладеште 15 мың (2010)[2] және Мьянмада 25 мың манипурилер (2015) тұрады.[3]
Этногенезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстік-Шығыс Үндістандағы темір дәуірі мен бірінші мыңжылдық арасындағы аралыққа қатысты Манипури тарихының жазбаша жазбалары түріндегі құжаттама аз. Аймақтың геосаяси тарихы, сондай-ақ тұрғындарының этнолингвистикалық шығу тегі көп жағдайда белгісіз. Олар автохтонды емес халық – алқаптағы жеті йеканың (рудың) бірі – Темір дәуірінің аяғында, христиан дәуіріне дейін оңтүстік Қытайдан қоныс аударған деп есептеледі. Метейлердің шежіресі болып табылатын Ch.K.-ның ең алғашқы бөлімдері мейтелердің Манипур арқылы біртіндеп кеңеюін және басқа рулардың конфедерацияға ассимиляциясын сипаттайды.[4]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар тибет-бирма тобының манипури тілінде сөйлейді. Импхал қаласының диалектісі негізіндегі диалектілер, әдеби тілі бар. V ғасырдан бастап брахми негізіндегі жазу, XVIII ғасырдан бастап Бенгал алфавитімен алмастырылды.[5]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дін бойынша, манипурилердің 60%-ға жуығы индуистар, қалғандары христиандар, ежелгі анимистік нанымдарды ұстанушылар және мұсылмандар.[6]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ағылшын отаршылдары Манипур территориясын жаулап алғанға дейін (1826 ж.) Манипуриде феодалдық князьдік болды. 1960 жылдары қарулы сепаратистік қозғалыс құрылды. 1972 жылы Манипур штаты құрылды.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дəстүрлі кəсіптері – буйволдар мен өгіздердің күшін пайдаланып егіншілік (күріш, темекі, қант қамысы, көкөністер), асыл тұқымды мал, ешкі, шошқа, ал кейбір аудандарда асыл тұқымды жылқы өсіру. Қолөнерден – тоқу, тоқымашылық, былғары, ұсталық, зергерлік бұйымдар, мыс балқыту дамыған. Манипурилердің бір бөлігі өнеркәсіпте (негізінен жібек тоқыма фабрикаларында) жұмыс істейді.[7][8]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рулар патрилинді, отбасы шағын, неке патрилокалды. Манипури-вишнуиттерде касталар жүйе бар. Жер-жеке меншікте. Капиталистік қатынастар қалыптасуда.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекендері түзеу, әдетте өзендердің немесе жолдардың бойында созылып орналасқан. Үйлері бір бөлмелі, қаңқасы ағаш немесе бамбуктен жасалып, қабырғалары қамыспен қапталып сазбен майланған, төбесі құрғақ шөппен жабылып, шығыс қасбетінде - ашық дәлізі бар.
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі ерлер киімі – дхоти, көйлек, жамылғы, әйелдердікі – кеудеден тобыққа дейін денеге оралған мата, иығына жамылғы.[9]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі тағамда күріш, балық, бал басым (индуизмнің қабылдануымен ет тұтыну шектеулі).[10]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Манипури (халық)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Манипури халқы. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
- ↑ Meitei. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
- ↑ Manipuris in Mandalay see ray of hope in Modi. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
- ↑ Мейтей халқы. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
- ↑ Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
- ↑ Манипури сөзінің мағынасы. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
- ↑ Манипури. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
- ↑ Манипури. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 324. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
- ↑ Әлем халықтары/Манипури. Тексерілді, 27 қыркүйек 2024.