Цзино
Цзино | |
цзино, юлэ, юлао | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
20 899 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Цзино (өз атауы - цзино, юлэ, юлао)[1] — Қытайдағы Юньнань провинциясындағы Сишуанбанна автономиялық префектурасында тұратын халық. Қытайдағы ресми түрде танылған 56 этностың құрамына кіреді. Саны 20 899 адам (2000, халық санағы).[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар қытай-тибет тілдерінің тибет-бирма отбасының лоло тобына жататын цзино тілінде сөйлейді. Кейбіреулер тай немесе қытай тілінде сөйлейді.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі нанымдарды сақтанады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихшылар бұл адамдар Қытайдың оңтүстік аймақтарына бірнеше ғасыр бұрын солтүстіктен келген деп есептейді. Цзино тай-дай халқының қатты ықпалында болды және ұзақ уақыт бойы оларға алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Дай халқымен ұзақ және жақын болғандықтан, цзино олардың кейбір дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қабылдады. Дегенмен, соңғы кездері олардың өмірінде ханзу әсері көбірек байқала бастады.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, мақта), шошқа, ит, тауық өсіріледі. Буйволдар мен бұқалар негізінен құрбандық шалу үшін өсіріледі. Аңшылық пен терушіліктің маңыздылығы сақталады. Қолөнер (тоқымашылық, ұсталық, т.б.) көмекші рөл атқарады.[5]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XX ғасырдың ортасына дейін жерге топтық меншік үстемдік етті, туыстық және көршілес өзара көмек дәстүрлері берік болды. Қазіргі отбасы шағын, бұрын 50-60 адамнан тұратын көп балалы отбасылар жиі кездесетін. Некені өз қалауы бойынша жастар қияды. Некеге дейінгі кезең жыныстық еркіндікпен сипатталды.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі тұрғын үйлері тікбұрышты, қадалы, қабырғалары бамбуктан жасалған және шатыры шөптен жабылған. Оның ұзындығы шағын отбасылардың санына сәйкес ошақтардың санымен анықталды.[6]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі ерлер киімі – күрте мен шалбар, әйелдер киімі – күрте және қысқа белдемше.[7]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағамдары – жарма, нан, ет.[8]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Цзино
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 11 желтоқсан 2024.
- ↑ Цзино. Тексерілді, 11 желтоқсан 2024.
- ↑ Цзино сөзінің мағынасы. Тексерілді, 11 желтоқсан 2024.
- ↑ Цзино (基诺族). Тексерілді, 11 желтоқсан 2024.
- ↑ Цзин халқы. Тексерілді, 11 желтоқсан 2024.
- ↑ Цзино. Тексерілді, 11 желтоқсан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 610. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
- ↑ Әлем халықтары/Цзино. Тексерілді, 11 желтоқсан 2024.